"Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 14673 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10875 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      2. Ұйымдарға міндетті аудит жүргізу үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым мынадай:

      1) мүшесі аудиторлық ұйым болып табылған өткiзiлген сыртқы сапаны бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары және Этика кодексі талаптарының сақталуын растайтын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының бар болуы;

      2) біліктілік талаптарына сәйкес аудиторлық ұйымдардың есептілікті уәкілетті органға уақтылы ұсынбағаны немесе ұсынбағаны үшін салынатын бір әкімшілік өндіріп алуды қоспағанда, аудиторлық қызметтер көрсетуге шартты жасаған күнге дейін соңғы бір жыл ішінде "Әкiмшiлiк бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінің 247 бабына сәйкес аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін салынатын әкiмшiлiк жазалардың және (немесе) есепті кезең ішінде өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша ақпараттың болмауы ең аз талаптарға сәйкес келеді.

      3-тармақтың бірінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (A.T. Бектурова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
_______________ Д.Ақышев
2016 жылғы 5 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады