Байланыс формасы

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 719 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14744 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13288 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Министрлік Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн (бұдан әрі – Тізбе) жыл сайын 30 наурызға дейін бекітеді және оны білім беру ұйымдары мен баспалардың танысуы үшін Министрліктің сайтында орналастырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Оқулықтар мен ОӘК-ні Тізбеге енетін атауы бойынша сатып алу қорландыру циклі бойынша қажетті оқу әдебиеттерін бұдан әрі жыл сайын қосымша сатып алу арқылы толық таралымымен болжанған білім алушылар контингентінің жиырма пайызынан артық көлемде жүргізіледі.";

      8-тармақ алынып тасталсын;

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Баспалар жыл сайын ақпан айында Комитетке Тізбе бекітілгенге дейін оң сараптамалық қорытындыны алған оқулықтар мен ОӘК-тің бағдарлы бағасын жолдайды.

      10. Баспалар жыл сайын Тізбе бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұйымының сайтында Тізбеге енген оқулықтар мен ОӘК-тің прайс-парағын білім беру ұйымдарының танысуы үшін орналастырады.

      11. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 30 қарашаға дейін білім беру ұйымдарында білім алушылардың болжамды санын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін есепке ала отырып, келесі оқу жылына оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға өтінімді оның негізінде қалыптастырады".;

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 10 сәуірге дейін баспаларға білім беру ұйымдарынан қағаз және электрондық жеткізгіштерде келіп түскен оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға ерікті нысандағы өтінімді жолдайды. Тиісті өтінімдерді жасауда оқулықтарды сатып алуға басымдық берілуі қажет.

      14. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 25 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде оқулықтар мен ОӘК басып шығаруды жүзеге асыратын баспалармен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен шарттар жасайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына оқулықтармен және ОӘК-пен қамтамасыз етілуі туралы қорытынды ақпаратты 10 тамызға дейін және оқулықтар мен ОӘК-тің басқа бөлімдерімен қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты 5 желтоқсанға дейін Министрлікке жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.Ә. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін елтаңбалы мөрмен расталған қағаз данасының көшірмесімен электронды тасымалдағышта мерзімді баспа басылымдарына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады