"Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 наурызда № 14858 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламенті бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына баспа және электрондық түрде бір данада мемлекеттік және ресми тілдерде жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккерге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________ Ж. Қасымбек
      2016 жылғы 6 желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ"                        "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі            Ұлттық экономика министрі
      ____________ Қ. Бишімбаев            ____________ Т. Сүлейменов
      2016 жылғы " "                        2017 жылғы 20 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 1111 бұйрығымен
бекітілген

"Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты
өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды
эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар"
техникалық регламенті

1-тарау. Қолданылу саласы

      1. Осы "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі – Техникалық регламент) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
      2. Осы Техникалық регламенттің талаптары ғимараттарда, үй-жайлар мен құрылыстарда (бұдан әрі – объектілер) өртті табуға, хабарлауға, оның туындағаны туралы ақпарат беруге, өртті сөндіруге арналған автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелеріне және тіршілік циклінің процестеріне қолданылады.
      Осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын өнімнің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      3. Осы Техникалық регламенттің күші:
      1) көлік құралдарын (пойыздар, теңіз және әуе кемелері) қорғауға арналған өрт сөндіру және өрт сигнализациясы қондырғыларына;
      2) тау-кен және көмір өнеркәсібі шахталарында орнатылған автоматты өрт сөндіру, автоматты өрт сигнализациясы және өрт кезінде адамдарды құлақтандыру мен оларды эвакуациялауды басқару жүйелеріне;
      3) зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларының және өндірістік үй-жайлар мен жарылыс-өрт қауіпті объектілердің сыртқы алаңдарында жанғыш газдар мен будың жарылыс қауіптілігіне дейінгі концентрацияларының стационарлық газ сигнализаторларының датчиктеріне;
      4) технологиялық процестерді, автоматты және қашықтықтан басқаруды бақылау жүйелеріне (басқару жүйелеріне), аварияға қарсы автоматты қорғау жүйелеріне, сондай-ақ байланыс және авариялық жағдайлар туралы құлақтандыру, оның ішінде жабдық жиынтығымен жеткізілетін жүйелерге қолданылмайды.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Техникалық регламентте мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) автоматты – белгілі бір жағдайларда жұмыс істейтін немесе адамның араласуынсыз орындалатын процестерді немесе құрылғыларды сипаттайды;
      2) автоматты өрт сөндіру жүйесі – автоматы режимде өртті табуға, берілген түрде арнайы ақпаратты жинауға, өңдеуге және ұсынуға арналған, бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;
      3) автоматты өрт сөндіру қондырғысы – қорғалатын аймақта өрттің бақыланатын факторы (факторлары) белгіленген шекті мәндерден асып кеткен кезде автоматты түрде іске қосылатын өрт сөндіру қондырғысы;
      4) дайындаушы – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, өз атынан өнімді шығаратын және өнімді шығарып іске асыратын және оның техникалық регламенттердің, оның ішінде Кеден/Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне жауапты заңды және жеке тұлға, оның ішінде шетелдік дайындаушы;
      5) дренчерлік өрт сөндіру қондырғысы – қалыпты ашық дренчерлік суландырғышпен жабдықталған және өртті барлық есептік алаңы бойынша байқау мен өшіруге, сондай-ақ су бүркеуін құруға арналған сумен өрт сөндіру қондырғысы;
      6) жартылай автоматты басқару – автоматты өрт сигнализациясы немесе өрт сөндіру қондырғыларынан команда импульсін алған кезде құлақтандыру және диспетчердің эвакуацияны басқару жүйесін әрекетке келтіру;
      7) жеткізуші – өнімді, қызметті ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;
      8) күзет-өрт сигнализациясы – берілген түрде тұтынушыларға техникалық құралдардың көмегімен күзетілетін объектілерге ену туралы және олардағы өрт туралы ақпаратты алу, өңдеу, беру және ұсыну;
      9) құлақтандыру және эвакуацияны басқару жүйесі – адамдарға өрттің туындағаны және (немесе) эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары туралы ақпаратты уақтылы хабарлауға арналған ұйымдық іс-шаралар мен техникалық құралдардың кешені;
      10) өнім – материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;
      11) өрт автоматикасы – өрт (өрт-күзет) сигнализациясы, өрт сөндіру, түтінді жою, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару функцияларын орындау кезінде берілген алгоритмге сәйкес автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдердің, аспаптар мен құрылғылардың жиынтығы;
      12) өрт бекеті – объектінің кезекші персонал тәулік бойы болатын, өрт автоматикасы құралдарының жай-күйін бақылау аспаптарымен жабдықталған арнайы үй-жайы;
      13) өрт дренчерлік суландырғыш – көбіктүзгіштің су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және оларды өрт сөндіру немесе оны оқшаулау мақсатында қорғалатын аудан бойынша таратуға арналған ашық шығу тесігі бар сумен немесе көбікпен өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы;
      14) өрт краны – өрт құбырында орнатылған және өрт қосылыс бастиегімен жабдықталған клапаннан, сондай-ақ қол оқпаны бар өрт түтігінен тұратын жиынтық;
      15) өрт қабылдау-бақылау аспабы – өрт хабарлағыштарынан ақпаратты қабылдау, өрттің туындағаны немесе қондырғының ақаулығы туралы сигналды өңдеу, өртке қарсы қорғау жүйелерін іске қосуға және басқа құрылғыларға команданы одан әрі беруге сигналдарды қалыптастыру үшін өрт сигнализациясы қондырғыларының құрамдас бөлігі;
      16) өрт қауіпсіздігі талаптары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы жағдайлар;
      17) өрт құлақтандыру аймағы – адамдарды бір уақытта және тәсілі жағынан бірдей өрт туралы құлақтандыру жүргізілетін ғимараттың бөлігі;
      18) өрт сигнализациясы жүйесі – бір объектіде монтаждалған және жалпы өрт бекетінен бақыланатын өрт сигнализациясы қондырғыларының жиынтығы;
      19) өрт сигнализациясы қондырғысы – өртті байқаудың, оның шығу орны туралы хабарлама берудің және өрт туралы сигналды, арнайы ақпаратты өңдеудің және (немесе) автоматты өрт сөндіру қондырғылары мен басқа да техникалық құрылғыларды қосуға команда берудің техникалық құралдарының жиынтығы;
      20) өрт сөндіру қондырғысы – өрт сөндіргіш затты шығару есебінен өртті сөндіруге арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;
      21) өрт спринклерлік суландырғыш - көбіктүзгіштің су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және оларды өрт сөндіру немесе оны шектеу мақсатында қорғалатын аудан бойынша таратуға арналған жылу құлпы іске қосылған кезде ашылатын шығу тесігінің ілмекті құрылғысы бар сумен немесе көбікпен өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы;
      22) өрт хабарлағышы – өрт туралы сигналды қалыптастыруға арналған құрылғы;
      23) өртке қарсы қорғау жүйесі – адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсерін болдырмауға және одан келетін материалдық шығынды шектеуге бағытталған техникалық және ұйымдық іс-шаралар мен техникалық құралдардың жиынтығы;
      24) пайдалануды бақылау – ұйымдағы өрт автоматикасы қондырғыларын пайдалануға жауапты адам орындайтын сәйкестікті бағалау нысандарының бірі;
      25) роботталған өрт сөндіру қондырғысы – жылжымайтын негізде монтаждалған, өрт оқпанынан тұратын, бірнеше жылжымалық дәрежесі бар және жетек жүйелерімен, бағдарламалық басқару құрылғыларымен жарақталған және өртті сөндіру мен шектеуге немесе технологиялық жабдық пен құрылыс конструкцияларын салқындатуға арналған стационарлық автоматты құрал;
      26) спринклерлік өрт сөндіру қондырғысы – белгілі бір температураға жеткен кезде ашылатын қалыпты жабық спринклерлік суландырғышпен жабдықталған сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғысы;
      27) стационарлық өрт сөндіру жүйесі (автоматты емес) – өрт сөндіргіш затқа арналған резервуарларды (ыдыстарды, сыйымдылықтарды), сорғы станциясын және өрт сөндіргіш затты іріктеуге және өрт аймағына беруге арналған құрылғылары бар құбырлар желісін қамтитын жүйе.
      Бұл жүйелерді автоматтандыру құралдары егер негізгі сорғылар ақаулы болған немесе есептік тегеурінді қамтамасыз ете алмаған жағдайда, резервтік сорғылардың қосылуын қамтамасыз ету үшін қолданылады;
      28) технологиялық жабдықтың өрттен қорғайтын стационарлық қондырғысы – іске қосудың автоматты, қашықтықтық немесе жергілікті режимінде қорғалатын аймаққа өрт сөндіргіш затты беру есебінен технологиялық жабдықты салқындатуға және өртті шектеуге арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;
      29) техникалық құлақтандыру құралдары – дыбыстық, сөздік, жарықтық және құрамалы өрт хабарлағыштары, оларды басқару аспаптары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің эвакуациялық белгілері.

3-тарау. Қазақстан Республикасы нарығында өнім айналымының талаптары

1-параграф. Жалпы талаптар

      5. Нарыққа шығарылатын өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары өртті байқау, өрттің туындағаны туралы хабарлау, ақпаратты мәлімдеу объектілерде өртті сөндіру бойынша міндетті орындау үшін қолданылады және адамдарға, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың меншігіне қауіп төндірмейді.
      6. Өнім түрін таңдау, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жобалау, монтаждау, сынау және пайдалануға қабылдау, техникалық ұстау (пайдалану және қызмет көрсету), техникалық куәландыру осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Жүйелер мен қондырғылардың, техникалық құрылғылардың, өрт сөндіру құралдарының техникалық сипаттамалары туралы ақпарат нақты өнімнің ілеспе құжаттамасында көрсетіледі. Ілеспе құжаттаманың құрамы өнім түрі мен оның өмірлік циклінің сатысына байланысты анықталады.
      Ілеспе құжаттардың жиынтығында мыналар ұсынылады:
      1) бұйымның құрылғыларының сипаты және дайындаушының кепілдік берген техникалық сипаттамалары және бұйымның құрылысы мен жұмысын түсіндіретін сызбалар жиынтығы бар өнімнің төлқұжаты;
      2) техникалық құрылғыларды консервациялау, сақтау, тасымалдау, монтаждау (жинау), сынау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету бойынша және оның өмірлік циклінің барлық сатыларындағы қауіпсіздік талаптары туралы мәліметтерді қамтитын нұсқаулық (басшылық);
      3) сәйкестік сертификаты немесе "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімнің сәйкестігі туралы декларация жөніндегі мәлімет.

2-параграф. Өнімді таңдауға қойылатын талаптар

      8. Автоматты өрт сөндіру қондырғысының типін, сөндіру тәсілін, өрт сөндіргіш құралдардың түрін, өрт (өрт-күзет) сигнализациясы қондырғыларын жабдықтау типін өндірістің технологиялық процестеріне, объектінің құрылыс ерекшеліктеріне, техникалық-экономикалық көрсеткіштерге, объектіде өндірілетін, сақталатын және қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі мен физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты құрылыс нормалары мен қағидаларының, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, жобалаушы-ұйым айқындайды.
      9. Өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектілердің тізбесі ҚР ҚН 2.02-11-2002* "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сигнализациясы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарды құлақтандыру қондырғыларымен жабдықтау нормалары" Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының талаптарына және белгіленген тәртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады.
      10. Автоматты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықтауға жататын үй-жайлардың ауданы ғимараттың жалпы ауданының 50 %-ын және одан астамын құраса, ғимаратты тұтастай автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықтауды көздеу қажет.
      11. Спринклерлік және дренчерлік өрт сөндіру қондырғыларын өндіріс технологиясының шарттары бойынша өрт сөндіру үшін суды қолдануға жол берілмейтін үй-жайларда қолданылмайды.
      12. Спринклерлік қондырғыларды өртті жергілікті сөндіру және өрт ошағын шектеу рұқсат етілетін үй-жайларда, дренчерлік қондырғыларды тұтастай есептік алаңы бойынша бір мезгілде өрт сөндіруілуі тиіс, сондай-ақ су бүркемесін жасауға арналған үй-жайларда орнату көзделуі керек.

3-параграф. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жобалауға қойылатын талаптар

      13. Объектілерді автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезінде ҚР ҚН 2.02-11-2002* "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сигнализациясы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарды құлақтандыру қондырғыларымен жабдықтау нормалары" талаптарын басшылыққа алу қажет.
      14. "Жобалауға арналған тапсырма" объектілерді өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін міндетті құжат болып табылады.
      15. Өрт-күзет сигнализациясы жүйелерімен жабдықтауға жататын, күзетілетін немесе ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің күзетуіне беруге жататын объектілерді жобалауға тапсырма көрсетілген бөліністермен келісілуі тиіс.
      16. Объектіні ішкі істер органдарының ведомстволық бағынысты емес арнайы күзет бөліністеріне күзетуге берген кезде өрт-күзет сигнализациясы жүйелерін жобалауға тапсырма көрсетілген бөліністермен келісілуі тиіс.

4-параграф. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждауға, сынауға және пайдалануға қабылдауға қойылатын талаптар

      17. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау жұмыстары жобалау-сметалық және жұмыс құжаттамасына, жұмыс өндірісі жобасы мен дайындаушы-кәсіпорынның техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.
      18. Техникалық құжаттамада көрсетілген өлшем бірліктері халықаралық бірліктер жүйесінде (бұдан әрі – БЖ) көзделеді.
      19. Жобаның ерекшеліктеріне сәйкес келетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау кезінде қолданылатын жабдыққа, бұйымдар мен материалдарға сертификаттарын ("Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын жабдыққа), төлқұжаттарын, нұсқаулықтарын (жинау, сынау және пайдалану жөніндегі) ұсынады.
      20. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларында пайдаланылатын материалдар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қолданылады.
      21. Монтаждау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары сақталуы тиіс.
      22. Газбен өрт сөндіру қондырғыларының баллондары мен қысыммен жұмыс істейтін басқа да ыдыстар монтаждау алдында тексеріледі және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 10303 болып тіркелген) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес куәландырылады. Куәландыру мерзімі өтіп кеткен баллондарды монтаждауға қабылдауға жол берілмейді.
      23. Құбыр (тиек, реттегіш, сақтандырғыш) арматурасын монтаждауға қабылдаған кезде корпусында шартты немесе жұмыс қысымы таңбалауының және оның мақсаты мен материалына сәйкес арматураның айырым бояуының, сондай-ақ оны дайындаушы-кәсіпорынның жеткізгенін растайтын құжаттардың болуы және төзімділігі мен герметикалығына сынақ жүргізуі тексеріледі.
      24. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау бойынша орындалатын жұмыстар ҚР ҚН 1.03-00-2011 "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру" талаптарына сәйкес ресімделеді.
      25. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жеке және кешенді баптау жұмыстары (іске қосу-баптау жұмыстары) монтаждау жұмыстары аяқталған соң орындалады.
      26. Іске қосу-баптау жұмыстары өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.
      Іске қосу-баптау жұмыстарына монтаждаудың дұрыс орындалуын, олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру мақсатында аппаратурамен, аспаптармен және реттегіштермен бірге монтаждалған схемаларды жеке сынау, сондай-ақ жүйелер мен қондырғыларды жұмыс режиміне шығару мақсатында кешенді баптау жатады.
      27. Монтаждалған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жекелеген элементтері мен тораптарын баптау жұмыстарын жүргізуді бастағанға дейін барлық реттегіш және тиек арматурасы жұмысқа қабілетті күйге келтіріледі.
      28. Кешенді баптау кезінде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын реттеу және күйге келтіру жүргізіледі. Кешенді баптау өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға беруге дайындаумен аяқталады.
      29. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау кезінде тапсырыс берушінің кәсіпорнының немесе ұйымының басшысының бұйрығымен комиссия тағайындалады.
      30. Комиссияның құрамына тапсырыс берушінің (бас мердігердің), монтаждау ұйымының, іске қосу-баптау ұйымының өкілдері енгізіледі.
      Қажет болған жағдайда, комиссияның құрамына өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның өкілі енгізіледі.
      31. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған кезде монтаждау, кешенді баптау бойынша барлық жұмыстар орындалады және қабылдау-тапсыру сынақтары жүргізіледі.
      Қабылдау-тапсыру сынақтары нақты типтер мен модификациядағы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық құжаттамада белгіленген көлемде жүргізіледі.
      32. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау кезінде монтаждау және баптау ұйымдары:
      1) орындау құжаттарын (енгізілген өзгертулері бар жұмыс сызбаларының жиынтығы);
      2) сертификаттар (міндетті сертификаттауға жататын жабдықтарға арналған), техникалық төлқұжаттар мен монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен жабдықтың сапасын куәландыратын басқа да құжаттарды;
      3) өндірістік құжаттаманы ұсынады.
      33. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау осы Техникалық регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісімен ресімделеді.

5-параграф. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық ұстауға және куәландыруға қойылатын талаптар

      34. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігі мен сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында объектілердің ерекшеліктері мен өндірістік процестердің ерекшеліктерін ескере отырып, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық ұстау жөніндегі ведомстволық (салалық, объектілік) қағидалар мен нұсқаулықтар әзірленеді.
      35. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық ұстау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар осы Техникалық регламенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" Техникалық регламентінің талаптарын ескере отырып әзірленеді.
      36. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға берген сәттен бастап әрбір объектіде техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеулерін жүргізу ұйымдастырылады.
      37. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жоспарлы-алдын алу жөндеуді тек объектінің тиісті даярлықтан өткен білікті мамандары немесе шарт негізінде осы қызмет түрін жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – Орындаушы) ғана орындайды.
      38. Мамандандырылған ұйыммен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарттың болуы объект басшысынан осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін жауапкершіліктен босатпайды.
      39. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жоспарлы-алдын алу жөндеу мыналарды қамтиды:
      1) жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу;
      2) ақаулықтарды жою және ағымдық жөндеу жүргізу;
      3) Орындаушының Тапсырыс берушіге дұрыс пайдалану мәселелерінде көмек көрсетуі.
      40. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-алдын алу жөндеу мерзімділігі мен жұмыстардың көлемі қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес белгіленеді және шартта көрсетіледі.
      41. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын білікті пайдалану және техникалық жарамды күйде ұстау үшін объектіде басшының бұйрығымен мынадай персонал тағайындалады:
      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам;
      2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын орындау үшін оқудан өткен мамандар (мамандандырылған ұйыммен шарт болмаған кезде). Мамандарды оқытуды өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам объектінің басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді;
      3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жай-күйін бақылауға, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметті шақыруға арналған жедел (кезекші) персонал.
      42. Объектілерде қызмет көрсетуші персонал үшін "Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар" және "Кезекші (жедел) персоналға арналған нұсқаулықтар" әзірленеді.
      43. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам:
      1) осы Техникалық регламенттің талаптарының орындалуын;
      2) шарт бойынша жұмыстардың кестесі мен күнтізбелік жоспарына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын бақылау мен қабылдауды;
      3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына уақтылы техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеуін жүргізуді ұйымдастыру жолымен жұмысқа қабілетті күйде ұстауды;
      4) қызмет көрсететін және кезекші персоналды оқыту, сондай-ақ қорғалатын үй-жайларда жұмыс істейтін адамдарға өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары іске қосылған кездегі іс-қимылдар бойынша нұсқамалар беруді;
      5) қажетті пайдалану құжаттамасын әзірлеуді және оны жүргізуді;
      6) мынадай:
      дайындаушыларға – өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жинақталмаған немесе техникалық құжаттамаға сәйкес келмейтін техникалық құрылғылары мен жабдықтарын жеткізген кезде;
      монтаждау ұйымдарына – сапасыз монтаждауды анықтаған кезде;
      қызмет көрсететін ұйымдарға – өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына уақтылы және сапалы техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-алдын алу жөндеуі жүргізілмегені үшін наразылықтарды уақтылы беруді қамтамасыз етеді.
      44. Объектінің қызмет көрсететін персоналы немесе Орындаушы объектіде монтаждалған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрылысы мен жұмыс қағидатын білуі, осы Техникалық регламенттің, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі қағидалардың, нұсқаулықтардың талаптарын білуі және орындауы, белгіленген мерзімдерде регламенттік жұмыстарды жүргізуі және тиісті пайдалану құжаттамасын толтыруы тиіс.
      45. Өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықталған объектіде мынадай құжаттама болуы тиіс:
      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына жобалау-сметалық құжаттамасы;
      2) орындау құжаттамасы (жұмыс сызбаларының жиынтығы), жасырын жұмыстардың (олар болған жағдайда), сынақтар мен өлшеулердің актілері;
      3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісі осы Техникалық регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралдарға төлқұжаттар;
      5) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының монтаждалған аспаптары мен жабдықтарының ведомосі осы Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      6) газбен өрт сөндіру қондырғыларының (олар бар болғанда) баллондарын өрт сөндіргіш құрамдармен зарядтауға төлқұжаттар;
      7) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
      8) техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыс регламенті;
      9) техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеуінің жоспар-кестесі;
      10) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану журналы осы Техникалық регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      11) жедел (кезекші) персоналдың кезекшілік кестесі;
      12) кезекші және қызмет көрсететін персоналдың, техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты адамның лауазымдық нұсқаулықтары, техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жүргізуге мамандандырылған ұйыммен шарт (мамандандырылған ұйымдар қызмет көрсететін объектілерде);
      13) құлақтандыру және эвакуацияны басқару жүйелерін пайдалана отырып, адамдарды эвакуациялау бойынша объект персоналының жаттығу жүргізу журналы (ол болған жағдайда), еркін нысанда.
      46. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары тұрақты жұмыстың кезекші (жобалық) режимінде болуы тиіс.
      47. Жүргізілуі өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын ажыратуға байланысты болатын техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде объектінің әкімшілігі өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігін өтелетін шаралармен қамтамасыз етіледі.
      48. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралға құжаттамада көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары істен шыққан жағдайларда, барлық жүйелер мен қондырғыларды мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында оларға техникалық куәландыру жүргізіледі.
      49. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды Тапсырыс берушінің, Орындаушының, қажет болған жағдайда басқа да ұйымдардың мамандарының міндетті қатысуымен комиссия жүргізеді.
      50. Куәландыру нәтижелері осы Техникалық регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын куәландыру актісімен ресімделеді.
      51. Өрт автоматикасының жаңғыртылатын жүйелері мен қондырғыларын монтаждау, сынау және пайдалануға қабылдау сәйкестігін бағалау осы Техникалық регламенттің 3-тарауының 4-параграфында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Өнімнің қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптар

1-параграф. Жалпы талаптар

      52. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес нақты типтегі және модификациядағы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық құжаттамада белгіленеді.
      53. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына (бұдан әрі - ЭҚОҚ) сәйкес электрмен жабдықтау сенімділігінің І-санатын қабылдау қажет.
      54. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жабдығы ЭҚОҚ, МемСт 12.1.030-81 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электр қауіпсіздігі. Қорғағыш жерге тұйықтау. Нөлдеу" және Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы өзге де ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жерге тұйықталуы (нөлденуі) тиіс.
      55. Сорғы станцияларының немесе өрт бекеттерінің үй-жайларында орнатылған басқару тораптары мен қолмен іске қосу крандарын қосапағанда, автоматты өрт сөндіру қондырғыларының басқару тораптары мен қолмен іске қосу крандары қоршалады және пломбыланады.
      56. Қорғалатын үй-жайларда орналастырылатын автоматты өрт сөндіру қондырғыларын басқару тораптары осы үй-жайлардан отқа төзімділік шегі EI 45 өртке қарсы қалқалармен және жабындармен, қорғалатын үй-жайлардан тыс – шыныланған немесе торлы қалқалармен бөлектейді.
      57. Бекіту құрылғылары (ысырмалар, вентильдер, крандар) сұйықтық ағынының бағытын нұсқағыштармен (тілшелермен) және "АШЫҚ" және "ЖАБЫҚ" деген жазулармен жарақталуы және автоматты өрт сөндіру қондырғыларын кездейсоқ немесе өздігінен қосылу немесе ажыратылу мүмкіндігін болдырмауы қажет.
      58. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану кезінде:
      1) автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбырларын қандай да бір жабдықты ілу немесе бекіту үшін пайдалануға;
      2) автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбырларына өндірістік жабдық пен санитарлық аспаптарды қосуға;
      3) автоматты өрт сөндіру спринклерлік қондырғыларының құбырларына орнатылған ішкі өрт крандарын өрт сөндіруден басқа мақсаттар үшін пайдалануға тыйым салынады.
      59. Сорғы станциясы мен басқару тораптарының үй-жайларында сорғы қондырғысының принципті схемасы ілінеді, оған сәйкес сорғылар, басқару тораптары, ысырмалар мен басқа да жабдықтар нөмірленуі тиіс.
      60. Сорғы станциясының үй-жайларында жұмыс және авариялық жарық беру, сондай-ақ өрт сөндіру бекетімен (диспетчер бөлмесімен) телефон байланысы көзделеді.
      61. Сынақтар немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу орындарында "Сынақтар жүргізілуде!" деген түсіндірме жазуы бар ҚР СТ Р МемСТ 12.4.026-2002 "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеу. Жалпы техникалық шарттар мен қолданылу тәртібі" сәйкес "Назар аударыңыз. Қауіптілік (басқа да қауіптіліктер)" деген ескерту белгілері орнатылады, сондай-ақ қауіпсіздік нұсқаулықтары мен қағидалары ілінеді.
      62. Көбік түзгішті сақтауға арналған үй-жай Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

2-параграф. Өрт сөндіру қондырғыларына қойылатын жалпы талаптар

      63. Өрт сөндіру қондырғылары конструктивтік құрылысы бойынша агрегаттық, модульдік және ұсақ капсулалы, автоматтандыру дәрежесі бойынша автоматты, автономды және қол, өрт сөндіргіш заттарының түрі бойынша сұйық (су, су ерітіндісі, басқа өрт сөндіргіш сұйықтықтар), көбікті, газды, ұнтақты, аэрозольді және құрама, сөндіру тәсілі бойынша көлемдік, сыртқы, жергілікті-көлемдік және жергілікті-сыртқы болып бөлінеді.
      64. Өрт сөндіру қондырғысының типін, сөндіру тәсілі мен өрт сөндіргіш заттың түрін жобалау ұйымы айқындайды. Бұл ретте өрт сөндіру қондырғысы:
      1) өрт сөндірудің тиімді технологияларының іске асырылуын, ұтымды инерциялығын, қорғалатын жабдыққа зиянды әсерінің аз болуын;
      2) өрттің өршуінің бастапқы сатысының ұзақтығынан аспайтын (өрттің еркін өршуінің шекті уақыты) уақыт ішінде іске қосылуын;
      3) қажетті суландыру қарқындылығын немесе өрт сөндіргіш затының үлестік шығысын;
      4) жедел күштер мен құралдарды енгізу үшін қажетті уақыт ішінде өртті сөндіру мен оқшаулау мақсатында оны сөндіруді;
      5) қызмет етуінің тиісті сенімділігін қамтамасыз етуі қажет.

3-параграф. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларына қойылатын жалпы талаптар

      65. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларының (бұдан әрі – қондырғылар) конструкциялық шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және:
      1) климаттық әсерлерге төзімділігі бойынша орындалу санаттары;
      2) сейсмикалығы мен діріл;
      3) беріктігі мен герметикалығы бөлігінде нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірлейді.
      66. Қондырғылар:
      1) өрттің өршуінің бастапқы сатысында іске қосылуын;
      2) жедел күштер мен құралдарды іс-әрекетке енгізу үшін қажетті уақыт ішінде өртті оқшаулауды;
      3) өрт сөндіргіш заттарды берудің сыртқы немесе көлемдік тәсілімен өртті жою мақсатында оны сөндіруді;
      4) өрт сөндіргіш заттарды берудің қажетті қарқындылығын және (немесе) концентрациясын;
      5) жұмыс істеудің қажетті сенімділігін (оқшаулау немесе сөндіру) қамтамасыз етуі тиіс.
      67. Қондырғылар:
      1) өрт және оның туындау орны туралы дыбыстық және жарық сигналдарын беру;
      2) қондырғының жұмысқа қабілеттілігін, өрт сөндіргіш затты қамтитын, толтырылған құбырлар мен ыдыстардың қысымын (деңгейін) және (немесе) өрт сөндіргіш заттың массасын бақылау;
      3) құбырларды жуу (үрлеу) үшін және сынақтар жүргізу үшін газды және (немесе) сұйықтықты бөлу;
      4) суландырғыштар мен құбырларды берілген биіктікте орналастыру кезінде оларды монтаждауға және оларға қызмет көрсетуге арналған;
      5) өрт үй-жайынан адамдарды эвакуациялауға қажетті уақытқа газды және ұнтақты өрт сөндіргіш заттарды беруді ұстап тұруға арналған құрылғылармен жарақталуы тиіс.
      68. Қондырғылар көлемдік өрт сөндіру кезінде:
      1) желдету (ауа баптау) жүйелерін автоматты ажыратуға және қажет болған жағдайда қорғалатын үй-жайға өрт сөндіргіш затты шығарғанға дейін аралас үй-жайларға ойықтарды жабуға;
      2) есіктердің өздігінен жабылуына;
      3) адамдарды эвакуациялауға қажетті уақытқа қорғалатын көлемге өрт сөндіргіш затты беруді ұстап тұруға командалық импульсті қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
      69. Қорғалатын үй-жайдың ішінде көлемдік (ұнтақты, газбен немесе көбікпен) өрт сөндіру қондырғылары іске қосылған кезде "Газ (көбік, ұнтақ) - жолама!" деген жарық таблосындағы жазу түріндегі сигнал және дыбыстық құлақтандыру сигналы берілуі қажет. Қорғалатын үй-жайға кіретін жерде "Газ (көбік, ұнтақ) - кіруге болмайды!" деген жарық таблосындағы жазу түріндегі сигнал, ал кезекші персоналдың үй-жайында өрт сөндіргіш затты беру туралы ақпараты бар тиісті сигнал берілуі тиіс.
      70. Спринклерлік қондырғылардан басқа қондырғылар мынадай қол құралдарымен жарақталуы тиіс:
      1) қашықтықтан іске қосумен – қорғалатын үй-жайға кіреберісте орналасқан құрылғылардан бастап және қажет болған жағдайда - өрт сөндіру бекетінен бастап;
      2) жергілікті іске қосумен – қорғалатын үй-жайдың ішінде орналасқан ілмекті-іске қосу торабында және (немесе) өрт сөндіру станциясында орнатылған құрылғылардан бастап.
      71. Қолмен іске қосу құрылғылары оларды кездейсоқ әрекетке келтіруден және механикалық зақымдануынан қорғалуы және жану аймағынан тыс болуы тиіс.
      72. Роботталған өрт сөндірудің қондырғылары:
      1) өртті байқауды және жоюды немесе оның қондырғының жұмыс аймағында адамның тікелей қатысуынсыз өрт ошағынан тыс таралуын шектеуді;
      2) қондырғыны қашықтықтан басқару және қондырғының жұмыс орнынан операторға ақпаратты беру мүмкіндігін;
      3) өрт пен жарылыстың қауіпті факторларының әсерлері, радиациялық және химиялық әсер жағдайларында өз функцияларын орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      73. Автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қозғаушы тетіктері қорғалатын үй-жайда үй-жайдың кез келген нүктесінде өртті уақтылы байқауды қамтамасыз ететіндей орналасуы тиіс.
      74. Қондырғылардың іске қосылуы объектінің үй-жайлары мен ашық алаңдарда жанғыш материалдардың өртінің және (немесе) жарылысының туындауына әкеп соқпауы тиіс.
      75. Өрт сөндіргіш затты өрт ошағына беру тәсілі жанғыш материалдардың төгілуі, шашырауы немесе тозаңдануы салдарынан өрт ауданының ұлғаюына әкеп соқпауы тиіс.
      76. Технологиялық жабдықты өрттен қорғаудың стационарлық қондырғылары басқа қондырғыларды пайдалану мақсатқа сай келмейтін немесе техникалық мүмкін болмайтын ғимараттар мен құрылыстарда қолданылуы тиіс.
      77. Өрт сөндіргіш заттардың түрі, оларды берудің қарқындылығы, өрттен қорғаудың стационарлық қондырғыларына арналған өртке қарсы жабдықтың типі қорғалатын объектінің ерекшеліктеріне, өрт жүктемесінің түріне және орналасуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсынымдарын ескере отырып айқындалады.
      78. Қондырғылар бір мезгілде автоматты өрт сигнализациясы функцияларын да орындауы тиіс.

4-параграф. Сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      79. Қондырғылар суландырғыштардың типіне қарай:
      спринклерлік;
      дренчерлік болып бөлінеді.
      80. Спринклерлік қондырғылар:
      бір жыл ішінде ең төменгі ауа температурасы 4ºС үй-жайларды қорғау үшін – сумен толтырылған;
      жылу беру кезеңінің ұзақтығы жылына 240 күннен астам, ауаның орташа тәуліктік температурасы 8ºС және одан төмен аудандарда орналасқан жылу берілмейтін үй-жайларды қорғау үшін – ауа;
      жылу беру кезеңінің ұзақтығы жылына 240 күн және одан аз, ауаның орташа тәуліктік температурасы 8ºС және одан төмен аудандарда орналасқан жылу берілмейтін үй-жайларды қорғау үшін – су-ауалы (ауыспалы) болып бөлінеді.
      81. Сумен өрт сөндірудің дренчерлік қондырғылары (бұдан әрі – СӨСДҚ) іске қосу тәсіліне қарай (басқару торабының силналдық клапаны жетегінің түріне қарай):
      гидравликалық;
      механикалық;
      пневматикалық;
      электрлік;
      құрама болып бөлінеді.
      82. Қондырғылар іске қосылу уақыты бойынша:
      іске қосылу ұзақтығы 3 секундтан аспайтын жылдам әсер ететін;
      іске қосылу ұзақтығы 30 секундтан аспайтын орташа инерциялы;
      іске қосылу ұзақтығы 30 секундтан астам, бірақ 180 секундтан аспайтын инерциялы болып бөлінеді.
      83. Қондырғылар әрекет етуінің ұзақтығы бойынша:
      30 минуттан аспайтын орташа ұзақтықта әрекет ететін;
      30 минуттан астам, бірақ 60 минуттан аспайтын ұзақ әсер ететін болып бөлінеді.
      84. Қондырғылар әрекет етудің барлық уақыты ішінде қорғалатын ауданда суландырудың берілген қарқындылығын қамтамасыз етуі тиіс.
      85. Қондырғылар белгіленген тәртіппен бекітілген суқоректендіргішке нормативтік құжаттамаға сәйкес есептік шығын мен тегеурінді қамтамасыз ететін автоматты суқоректендіргішпен немесе негізгі суқоректендіргішті қосқанға дейін қысыммен жұмыс істейтін күту (бақылау) режимінде қондырғыны ұстап тұратын импульстік құрылғымен жарақталады.
      86. Қондырғылар үшін электрмен қоректенудің мынадай параметрлері қабылданады:
      1) ҚР СТ 1899-2009 "Өрт техникасы. Сумен автоматты өрт сөндіру қондырғылары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" талаптарына сәйкес тұрақты және ауыспалы ток желілерінің кернеуі;
      2) минус 15 %-дан бастап плюс 10 %-ға дейін кернеудің тербелісі;
      3) (50+0,1) Гц шамасында ауыспалы токтың жиілігі.
      87. Қондырғылардың тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдылығының есептік мәні әзірлеу сатысында кемінде 0,924 болуы тиіс.
      88. Күрделі жөндеуге дейін қондырғылардың орташа қызмет мерзімі кемінде 10 жыл болуы тиіс.
      89. Қондырғылар:
      1) берілген қысымда және оларды арматура мен аспаптарға қосу кезінде құбырлардың қосылыстарының беріктігі мен герметикалығын;
      2) құбырлардың тірек конструкциялары мен сол конструкциялардың негіздерде сенімді бекітілуін;
      3) оларды қарау, сондай-ақ жуу мен үрлеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      90. Қондырғыларда олардың сенімді жұмыс істеуіне әсер ететін сызаттары, майсқан жерлері және басқа да ақаулары бар суландырғыштарды пайдалануға жол берілмейді.
      91. Басқару тораптарын орналастыру, құбырларды монтаждау ҚР ҚН 2.02-02-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы", ҚР ҚЖ 2.02-102-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      92. Қондырғыларда автоматты суқоректендіргіш немесе импульстік құрылғы ретінде қолданылатын сыйымдылықтар ҚР ҚЖ 2.02-102-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      93. Қондырғыларды электрмен басқару:
      1) жұмыс сорғысын автоматты іске қосуды;
      2) жұмыс сорғысын іске қосудан бас тартылған немесе ол белгіленген іске қосылу уақыты ішінде өрт сөндіру режиміне іске қосылмаған жағдайда, резервтік сорғының автоматты іске қосылуын;
      3) ілмекті арматураны электр жетектерімен автоматты басқаруды;
      4) басқару тізбектерін электр энергиясымен қоректенудің жұмыс көзінен резервтік көзге автоматты ауыстырып-қосуды қамтамасыз етуі тиіс.
      94. Өрт сөндірудің сорғы станциясының үй-жайында қондырғылардың сорғыларды қолмен ажырату құрылғылары болуы қажет.
      95. Сорғы станциясының үй-жайында:
      электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік ендірмелерінде кернеудің және фазалардың жерге тұйықталуының (шақыру бойынша) болуы туралы;
      сорғыларды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;
      резервуардағы авариялық деңгей туралы;
      дренажды шұңқыршадағы авариялық деңгей туралы;
      дренчерлік қондырғыларды басқару тораптарының қозғаушы құбырларында орнатылған электр жетегі бар тиекті құрылғылармен электр басқару желілерінің зақымдануы туралы жарық сигнализациясы көзделеді.
      96. Қондырғының жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналы бар үй-жайда:
      1) қондырғының іске қосылуы туралы (бағыты бойынша шартбелгіні ашумен);
      2) сорғылардың автоматты іске қосылуын бұғаттау туралы;
      3) қондырғының ақаулы екені туралы (автоматты суқоректендіргіште немесе импульстік құрылғыда қысымның түсуі, резервуардағы немесе дренаждық шұңқыршадағы судың авариялық деңгейі, электрді басқару желілерінің тегеурінді құрылғылармен бұзылуы, электрмен жабдықтаудың негізгі ендірмесіндегі кернеудің жоғалып кетуі туралы жалпы сигнал);
      4) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы жарық және дыбыстық сигнализация көзделеді.
      97. Монтаждау аяқталғаннан кейін басқару тораптары:
      1) тораптың атауы мен оның нөмірі;
      2) бағытының нөмірі;
      3) қорғалатын үй-жайдың атауы;
      4) суландырғыштардың типі мен саны;
      5) таңғыштың функционалдық схемасы мен от сөндіру қондырғысының қағидаттық схемасы;
      6) өрт сөндіргіш затты беру бағыты;
      7) қондырғыны жұмысқа қосу тәсілі көрсетілген тақтайшамен жабдықталады.
      98. Қондырғылардың құбырлары мен басқару тораптары ҚР СТ Р МемСТ 12.4.026-2002 "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеу. Жалпы техникалық шарттар мен қолданылу тәртібі" және ҚР СТ 1174-2003 "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы өзге де мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес боялады.
      Жабынның класы – ҚР СТ 1979-2010 "Өрт техникасы. Сумен және көбікпен автоматты өрт сөндіру қондырғылары. Басқару тораптары. Жалпы техникалық шарттар", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы өзге де ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес.
      99. Суландырғыштарды, хабарлағыштарды, жылу құлыптарын бояуға жол берілмейді.
      100. Қондырғылар объектіде тарату құбырларында монтаждалған қондырғылар санынан кемінде 10 %-дан және сынақтар жүргізу үшін кемінде 2 %-дан суландырғыш қорымен қамтамасыз етіледі.
      Ашылған және ақаулы суландырғыштардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды орнатуға тыйым салынады.

5-параграф. Көбікпен өрт сөндірудің автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      101. Қондырғылар конструктивтік орындалуы бойынша:
      спринклерлік;
      дренчерлік болып бөлінеді.
      102. Дренчерлік қондырғылар іске қосу тәсіліне қарай (басқару торабының силналдық клапаны жетегінің түріне қарай):
      электрлік;
      гидравликалық;
      пневматикалық;
      механикалық;
      құрама болып бөлінеді.
      103. Қондырғылар іске қосылу уақыты бойынша:
      іске қосылу ұзақтығы 3 секундтан аспайтын жылдам әсер ететін;
      іске қосылу ұзақтығы 30 секундтан аспайтын орташа инерциялы;
      іске қосылу ұзақтығы 30 секундтан астам, бірақ 180 секундтан аспайтын инерциялы болып бөлінеді.
      104. Қондырғылар өрт сөндіру тәсілдері бойынша:
      аудан бойынша өрт сөндіру қондырғылары;
      көлемдік өрт сөндіру қондырғылары болып бөлінеді.
      105. Қондырғылар әрекет етуінің ұзақтығы бойынша:
      10 минуттан аспайтын қысқа мерзімді әрекет ететін;
      15 минуттан аспайтын орташа ұзақтықтағы:
      15 минуттан астам, бірақ 25 минуттан аспайтын ұзақ мерзімді әрекет ететін болып бөлінеді.
      106. Қондырғылар көбік еселілігі бойынша:
      көбігі төмен еселікті өрт сөндіру қондырғылары (еселігі 5-тен бастап 20-ға дейін);
      көбігі орташа еселікті өрт сөндіру қондырғылары (еселігі 20-дан бастап 200-ге дейін);
      көбігі жоғары еселікті өрт сөндіру қондырғылары (еселігі 200-ден астам) болып бөлінеді.
      107. Қондырғылар ҚР ҚН 2.02-02-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы", ҚР ҚЖ 2.02-102-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" сәйкес әрекет етудің белгіленген уақыты ішінде нормативтіктен төмен емес көбік берудің берілген қарқындылығын қамтамасыз етуі тиіс.
      108. Қондырғылар 1,5 МПа сынау қысымы кезінде беріктік пен герметикалықты қамтамасыз етуі тиіс.
      109. Қондырғыларда пайдаланылатын көбіктүзгіштер ҚР СТ 1609-2006 "Өрт сөндіруге арналған көбік түзгіштер. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" және Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы өзге де мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      110. Қондырғылар:
      1) толтырылған құбырлар мен импульстік құрылғыдағы қысымды бақылау;
      2) көліктік сыйымдылықтан көбіктүзгішті құйып алу;
      3) көбіктүзгішті жеке сақтаған кезде оны автоматты мөлшерлеу;
      4) ең жоғарғы есептік шығын мен есептік секциядағы тегеурінді қамтамасыз ететін жылжымалы өрт техникасынан көбіктүзгіштің ерітіндісін беру;
      5) көбіктүзгішті сақтау сыйымдылықтарынан немесе оның ерітіндісін құбырлардан құйып алу;
      6) суға, көбіктүзгішке және оның ерітіндісіне арналған сыйымдылықтардағы деңгейді бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
      Көбіктүзгіш ерітіндісін пайдалану кезінде оны араластыруға арналған құрылғылар көзделуі тиіс.
      111. Қондырғылар белгіленген тәртіппен бекітілген су қоректендіргішке арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес есептік шығын мен тегеурінді қамтамасыз ететін автоматты суқоректендіргішпен немесе қондырғыны қағидаттық суқоректендіргішті қосқанға дейін қысыммен жұмыс істейтін, күту (бақылау) режимінде ұстап тұратын импульстік құрылғымен жарақталады.
      112. Қондырғыларда автоматты суқоректендіргіш немесе импульстік құрылғы ретінде қолданылатын сыйымдылықтар ҚР ҚЖ 2.02-102-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      113. Қондырғыларды электрмен басқару:
      1) жұмыс сорғысын автоматты іске қосуды;
      2) жұмыс сорғысын іске қосудан бас тартылған немесе ол белгіленген іске қосылу уақыты ішінде өрт сөндіру режиміне іске қосылмаған жағдайда, резервтік сорғының автоматты іске қосылуын;
      3) ілмекті арматураны электр жетектерімен автоматты басқаруды;
      4) басқару тізбектерін электр энергиясымен қоректенудің жұмыс көзінен резервтік көзге автоматты ауыстырып-қосуды;
      5) мөлшерлегіш-сорғыны автоматты іске қосуды;
      6) мөлшерлегіш-сорғыны іске қосудан бас тартылған немесе ол белгіленген іске қосылу уақыты ішінде өрт сөндіру режиміне іске қосылмаған жағдайда, резервтік мөлшерлегіш-сорғының автоматты іске қосылуын;
      7) сорғы станциясының үй-жайларынан сорғыларды, мөлшерлегіш-сорғыларды және тиек арматурасының электр жетектерін қолмен іске қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      114. Сорғы станциясының үй-жайында:
      электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік ендірмелерінде кернеудің және фазалардың жерге тұйықталуының (шақыру бойынша) болуы туралы;
      сорғыларды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;
      резервуардағы авариялық деңгей туралы;
      дренажды шұңқыршадағы авариялық деңгей туралы;
      дренчерлік қондырғыларды басқару тораптарының қозғаушы құбырларында және мөлшерлегіш-сорғылардың тегеурінді құбырларында (бағыты бойынша шартбелгіні ашумен) орнатылған электр жетегі бар тиекті құрылғылармен электр басқару желілерінің зақымдануы туралы жарық сигнализациясы көзделеді.
      115. Қондырғының жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналы бар үй-жайда:
      қондырғының іске қосылуы туралы (бағыты бойынша шартбелгіні ашумен);
      сорғылардың автоматты іске қосылуын бұғаттау туралы;
      қондырғының ақаулы екені туралы (автоматты суқоректендіргіште немесе импульстік құрылғыда қысымның түсуі, резервуардағы немесе дренаждық шұңқыршадағы судың авариялық деңгейі, электрді басқару желілерінің тегеурінді құрылғылармен бұзылуы, электрмен жабдықтаудың негізгі ендірмесіндегі кернеудің жоғалып кетуі туралы жалпы сигнал);
      электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы жарық және дыбыстық сигнализация көзделеді.
      116. Өрт сөндіру қондырғыларын басқару тораптары:
      1) қондырғының жай-күйін бақылау мүмкіндігін;
      2) өрт туралы командалық импульсті қалыптастыру үшін сорғыларды қосуға, технологиялық және электртехникалық жабдықтарды ажыратуға сигнал беруді;
      3) өрт сөндіргіш затты қоректену және тарату құбырларына өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
      117. Басқару тораптарын орналастыру, құбырларды монтаждау ҚР ҚН 2.02-02-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы", ҚР ҚЖ 2.02-102-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      118. Монтаждау аяқталғаннан кейін басқару тораптары:
      1) тораптың атауы мен оның нөмірі;
      2) бағытының нөмірі;
      3) қорғалатын үй-жайдың атауы;
      4) суландырғыштардың типі мен саны;
      5) таңғыштың функционалдық схемасы мен от сөндіру қондырғысының қағидаттық схемасы;
      6) өрт сөндіргіш затты беру бағыты;
      7) қондырғыны жұмысқа қосу тәсілі көрсетілген тақтайшамен жабдықталады.
      119. Қондырғылардың басқару тораптары мен құбырлары жарамсыз учаскелерін алмастырып, кемінде бес жылда бір рет лас пен тоттанудан шайылады және тазартылады.
      120. Қондырғылардың құбырлары мен басқару тораптары ҚР СТ Р МемСТ 12.4.026-2002 "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеу. Жалпы техникалық шарттар мен қолданылу тәртібі" және ҚР СТ 1174-2003 "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы рұқсат етілген өзге де мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес боялады.
      Жабынның класы – ҚР СТ 1979-2010 "Өрт техникасы. Сумен және көбікпен автоматты өрт сөндіру қондырғылары. Басқару тораптары. Жалпы техникалық шарттар", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы өзге де ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың сәйкес, бірақ VI-кластан төмен емес.
      121. Көбікті суландырғыштарды, хабарлағыштарды, жылу құлыптарын бояуға жол берілмейді.
      122. Күрделі жөндеуге дейін қондырғылардың орташа қызмет мерзімі кемінде 10 жыл болуы тиіс.
      123. Қондырғының тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы кемінде 0,924 болуы тиіс.
      124. Қондырғылар объектіде монтаждалған қондырғылар санынан кемінде 10 %-дан және сынақтар жүргізу үшін кемінде 2 %-дан көбікті суландырғыш немесе көбіктүзгіш құрылғылары қорымен қамтамасыз етіледі. Ашылған және ақаулы суландырғыштардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды, сондай-ақ диаметрі қондырғының жобасына сәйкес келмейтін суландырғыштарды орнатуға тыйым салынады.
      125. Қорғалатын бір үй-жайдың шегінде бір диаметрінің шығу тесігі бар көбікті суландырғыштар орнатылады.

6-параграф. Газбен өрт сөндірудің автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      126. Газбен өрт сөндіру қондырғылары (бұдан әрі – ГӨСҚ) конструктивтік орындалуына қарай (газды өрт сөндіргіш құрамды сақтау тәсіліне қарай):
      орталықтандырылған;
      модульдік болып бөлінеді.
      Іске қосу тәсілі бойынша:
      электрлік;
      пневматикалық;
      арқанды (механикалық);
      құрама іске қосу болып бөлінеді.
      Өрт сөндіру тәсілі бойынша:
      көлемдік өрт сөндіру қондырғылары;
      жергілікті өрт сөндіру қондырғылары болып бөлінеді.
      Әрекет ету ұзақтығы бойынша:
      өрт сөндіргіш құрам ретінде хладонды қолданатын модульдер үшін – 10 секундтан аспайтын;
      өрт сөндіргіш құрам ретінде инертті газды қолданатын модульдер үшін – 60 секундтан аспайтын.
      Өрт сөндіргіш заттың түріне қарай:
      көмірқышқыл;
      хладон;
      азот;
      бу.
      127. Жабдықтардың, бұйымдардың, материалдардың, газды өрт сөндіргіш құрамдар мен қондырғыда оларды ығыстырып шығару үшін қолданылатын газдың олардың сапасын, сақталу мерзімін куәландыратын төлқұжаты, құжаттары болуы және қолдану шарттары мен қондырғыға арналған жобаның ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс.
      128. Қондырғыларда Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін газды өрт сөндіргіш құрамдарды ғана қолдануға болады.
      129. Газды өрт сөндіргіш құрамдарды ығыстырып шығаратын газ ретінде ауа, азот, инертті газ бен олардың қоспаларын қолданады. Ауаға арналған шық нүктесі минус 40оС аспауы тиіс.
      130. Өрт сөндіру қондырғыларында қолданылатын ыдыстар (әртүрлі конструкцияда орындалған ыдыстар, жеке немесе батареяларда орнатылған баллондар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      131. Қондырғылар газды өрт сөндіргіш құрамының саны мен ығыстырушы газдың қысымын бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
      Пайдалану жағдайларында газды өрт сөндіргіш құрамы сығылған газ болып табылатын қондырғыларды тек қысымды бақылау құрылғыларымен ғана қамтамасыз етуге жол беріледі.
      132. Қондырғылар 15 секундтан аспайтын іске қосылу уақытын (адамдарды эвакуациялауға, технологиялық жабдықты тоқтатуға қажетті газды өрт сөндіргіш құрамын шығаруды кідірту уақытын есепке алмай) қамтамасыз етуі тиіс.
      133. Қондырғылар қорғалатын үй-жайдың көлемінде нормативтік концентрациядан төмен болмайтын газды өрт сөндіргіш құрамның концентрациясын қамтамасыз етуі тиіс.
      134. Ыдыстарды газды өрт сөндіргіш құраммен және салмағы (қысымы) бойынша ығыстырғыш-газбен толтыру қондырғыға арналған жобаның және ыдыстарға, газды өрт сөндіргіш құрамға арналған техникалық құжаттаманың талаптарына, сондай-ақ оларды пайдалану жағдайларына сәйкес келуі тиіс. Бір типті өлшемді баллондар үшін қондырғыда газды өрт сөндіргіш құраммен және ығыстырушы-газбен толтыру бойынша есептік мәндер бірдей болуы тиіс.
      135. Газды өрт сөндіргіш құрамның есептік мөлшерінен басқа, орталықтандырылған қондырғылардың 100 %-дық резерві болуы тиіс. Орталықтандырылған қондырғыларда газды өрт сөндіргіш құрамның қоры міндетті болып табылмайды.
      136. Газды от сөндіргіш құрамның есептік мөлшерінен басқа, модульдік қондырғылардың 100 %-дық қоры болуы тиіс. Модульдік қондырғыларда газды өрт сөндіргіш құрамның резерві міндетті болып табылмайды.
      Газды от сөндіргіш құрамның қоры объектіде қондырғылардың баллондарына ұқсас баллондарда сақталуы тиіс. Газды өрт сөндіргіш құрамның қоры монтаждауға дайын болуы тиіс.
      Объектіде бірнеше модульдік қондырғы болған жағдайда, объектіде қолданылатын кез келген қондырғының әрбір типі өлшемінің баллонын толық ауыстыруға жеткілікті көлемде газды өрт сөндіргіш құрамның жалпы қорының болуына рұқсат етіледі.
      Модульдік қондырғыда газды өрт сөндіргіш құрамның резерві болған кезде осы қондырғы үшін газды өрт сөндіргіш құрамның қоры міндетті болып табылмайды.
      Газды өрт сөндіргіш құрамның резервін (қорын) қорғалатын үй-жайда орналастыру ұсынылмайды.
      137. Орталықтандырылған қондырғылардағы газды от сөндіргіш құрамның резерві бар ыдыстар мен модульдік қондырғылардағы газды өрт сөндіргіш құрамның қоры немесе резерві бар баллондарды қоса алғанда, қондырғының әрбір ыдысындағы газды өрт сөндіргіш құрамның салмағы мен ығыстырушы-газдың қысымы олардың есептік мәндерінің кемінде 95%-ын құрауы тиіс.
      Қондырғыларды пайдалану жағдайында сығылған газ болып табылатын газды өрт сөндіргіш құрамның қысымын ғана бақылауға жол беріледі.
      138. Газды өрт сөндіргіш құрамды беру құбырлары мен қондырғылардағы олардың қосылыстары пайдалану жағдайында ыдыстағы газды өрт сөндіргіш құрамның ең жоғарғы қысымынан кемінде 1,25 болғанда, ал қозғаушы құбырлар мен олардың қосылыстары үшін қозғаушы жүйедегі газдың (ауаның) ең жоғарғы қысымынан кемінде 1,25 болғанда беріктікті қамтамасыз етуі тиіс.
      139. Қондырғылардағы қозғаушы құбырлар мен олардың қосылыстары қозғаушы жүйедегі газдың (ауаның) ең жоғарғы қысымынан кемінде 1,25 қысым кезінде герметикалықты қамтамасыз етуі тиіс.
      140. Қондырғыларды электрмен басқару құралдары:
      1) автоматты және қолмен қашықтықтан іске қосуды;
      2) автоматты іске қосуды ажыратуды және қалпына келтіруді;
      3) кернеуді негізгі көзден ажыратқан кезде электрмен қоректендіруді негізгі көзден резервтік көзге автоматты ауыстырып-қосуды;
      4) өрт сигнализациясы шлейфтері мен қосу желілерінің жарамдылығын (үзілуін, қысқа тұйықталуын) бақылауды;
      5) іске қосу элементтерін басқарудың электр тізбектерінің жарамдылығын (үзілуін) бақылауды;
      6) іске қосу, баллондар мен қозғаушы құбырлардағы қысымды бақылауды;
      7) дыбыстық және жарық сигнализациясының жарамдылығын бақылауды (шақыру бойынша);
      8) дыбыстық сигнализацияны ажыратуды;
      9) көлемнің технологиялық және электртехникалық жабдықтарын, желдетуді, ауа баптауды, сондай-ақ өрт туралы құлақтандыру құрылғыларын басқару үшін командалық импульсті қалыптастыруды және беруді қамтамасыз етуі тиіс.
      141. Қондырғылар газды өрт сөндіргіш құрамды адамдарды үй-жайдан эвакуациялауға қажетті, бірақ адамдарды эвакуациялау туралы құлақтандыру құрылғысын үй-жайға қосқан сәттен бастап кемінде 10 секунд уақытқа автоматты және қолмен қашықтықтан іске қосу кезінде қорғалатын үй-жайға шығаруды кідіртуді қамтамасыз етуі тиіс.
      Қорғалатын үй-жайдағы желдету жүйесінің ауа арнасындағы жапқыштардың (клапандардың) толық жабылу уақыты газды өрт сөндіргіш құрамды осы үй-жайға шығаруды кідірту уақытынан аспауы тиіс.
      142. Өрт сөндіру бекетінің үй-жайында немесе тәулік бойы кезекшілік ететін персоналы бар басқа үй-жайда ҚР ҚН 2.02-02-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы", ҚР ҚЖ 2.02-102-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" талаптарына сәйкес жарық және дыбыстық сигнализация көзделеді.
      143. Қондырғылар жергілікті іске қосу құрылғыларымен жабдықталады. Қондырғыларды жергілікті іске қосу құрылғыларының, оның ішінде үлестіру құрылғыларын іске қосу элементтері қорғалатын үй-жайлардың атаулары көрсетілген тақтайшалармен жабдықталады.
      144. Қашықтықтан іске қосу құрылғыларын орнату, есіктерді ашқан кезде қондырғыларды автоматты іске қосуды ажырату, сондай-ақ қондырғыларды автоматты іске қосу режимін қалпына келтіру ҚР ҚН 2.02-02-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы", ҚР ҚЖ 2.02-102-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" талаптарына сәйкес айқындалады.
      Қондырғыларды автоматты іске қосу режимін қалпына келтіру құрылғыларын бөгде адамдардың өтуіне жол бермейтін қоршаулар болған кезде қорғалатын үй-жайларға кіретін жерлерде орналастыруға жол беріледі.
      145. Қондырғылардың саптамалары қондырғыға арналған жобаға және саптамаға техникалық құжаттамаға сәйкес орналастырылады және кеңістікте бағдарлайды.
      Саптамалардың ықтимал бүліну орындарында оларды қорғау қамтамасыз етіледі.
      146. Қондырғыларда сызаттары, майысқан жерлері және оның жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін басқа да ақаулары бар саптамаларды қолдануға жол берілмейді.
      147. Қондырғылар қозғаушы жүйелер үшін монтаждалған саннан кемінде 10 % өрт хабарлағыштары мен спринклерлік суландырғыштардың қорымен қамтамасыз етіледі.
      Ашылған спринклерлік суландырғыштар мен ақауы бар саптамалардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды, сондай-ақ қондырғыға арналған жобаға сәйкес келмейтін саптамаларды пайдалануға тыйым салынады.
      148. Оймалық қосқыштар мен нығыздағыш қабаттардан басқа құбырлардың сыртқы қабаттары қорғағыш бояумен боялады.
      149. Құбырларды қоса алғанда қондырғылардың құрама бөліктерін бояу ҚР СТ Р МемСТ 12.4.026-2002 "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеу. Жалпы техникалық шарттар мен қолданылу тәртібі" және ҚР СТ 1174-2003 "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы өзге де мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Саптамаларды, өрт хабарлағыштары мен қозғаушы жүйелердегі термосезгіш элементтерді бояуға жол берілмейді.
      150. Күрделі жөндеуге дейін қондырғыларды пайдалану мерзімі кемінде 10 жыл болуы тиіс.

7-параграф. Ұнтақпен өрт сөндірудің автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      151. Ұнтақпен өрт сөндіру қондырғылары конструктивтік орындалуы бойынша модульдік және агрегаттық болып бөлінеді.
      Іске қосу тәсіліне қарай қондырғылар:
      арқанды (жылу құлыптары бар механикалық жүйелер);
      электрлік іске қосу болып бөлінеді.
      Өрт сөндіру тәсілі бойынша:
      көлемдік;
      қабаттық;
      көлемі бойынша жергілікті сөндіру.
      Іске қосылу уақыты (инерциялығы) бойынша:
      шағын инерциялы (инерциялығы 3 секундтан аспайтын);
      орташа инерциялы (инерциялығы 3-тен бастап 180 секундқа дейін);
      жоғары инерциялы (инерциялығы 180 секундтан астам).
      Әрекет ету ұзақтығы бойынша:
      жылдам әрекет ететін - импульстік (И), әрекет ету уақыты 1 секундқа дейін;
      қысқа мерзімді әрекет ететін (ҚМӘ-1), әрекет ету уақыты 1-ден 15 секундқа дейін;
      қысқа мерзімді әрекет ететін (ҚМӘ-2), әрекет ету уақыты 15 секундтан астам.
      Модульдің (сыйымдылықтың) корпусында ығыстырушы газды сақтау тәсілі бойынша:
      толтырылатын;
      газгенерациялаушы (пиротехникалық) элементі бар;
      сығылған немесе сұйытылған газ баллондары бар.
      Модульдің (сыйымдылықтың) жекелеген корпусының сыйымдылығы бойынша:
      модульдік (жылдам әрекет ететін импульстік қондырғылар (И) - 0,2-ден 50 литрге дейін;
      қысқа мерзімді әрекет ететін қондырғылар (ҚМӘ) – 2-ден 250 литрге дейін;
      агрегаттық қондырғылар – 250-ден бастап 5000 литрге дейін.
      152. Қондырғылар:
      1) заттың көлемі ішінде өздігінен жануға және бықсуға бейім жанғыш материалдардың;
      2) ауаның өтуінсіз бықсуға және жануға бейім химиялық заттар мен олардың қоспаларының, пирофорлық және полимерлік материалдардың өртін сөндіруге қолданылмайды.
      153. Конструкцияға, сенімділігіне, сыртқы әсерлерге төзімділігіне, жинақтылығына, буып-түйілуі мен таңбалануына қойылатын талаптар, сондай-ақ қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары мен оларды сынау әдістері ҚР СТ 1302-2004 "Ұнтақпен автоматты өрт сөндіру қондырғылары. Модульдер. Жалпы техникалық шарттар" және Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.
      154. Қорғалатын барлық көлемді сөндіру көзделген үй-жайларда есіктердің өздігінен ашылуына қарсы ойықтарды нығыздау (герметизациялау) бойынша шаралар қабылданады.
      155. Қорғалатын үй-жайлардың жалпы алмастыру желдеткіштерінің ауа арнасы, ауамен жылыту және ауаны баптау жүйелерінде ауа бұқтырмалары немесе өртке қарсы клапандар көзделеді.

8-параграф. Өрт (өрт-күзет) сигнализациясының автоматты қондырғыларына қойылатын жалпы талаптар

      156. Өрт сигнализациясы қондырғылары (жүйелері) техникалық құралдардың алты түрінен тұрады:
      өрт қабылдау-бақылау және өрт-күзет аспаптары;
      өрт басқару аспаптары;
      құлақтандыру құрылғылары;
      желілік құрылыстар;
      өрт хабарлағыштары;
      өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелері.
      Өрт қабылдау-бақылау және өрт-күзет аспаптары (бұдан әрі – ӨҚБА):
      Ақпараттық сыйымдылығы (сигнализацияның бақылаушы шлейфтерінің саны) бойынша ӨҚБА мынадай аспаптарға бөлінеді:
      шағын ақпараттық сыйымдылық – 5 сигнализация шлейфіне дейін;
      орташа ақпараттық сыйымдылық – 6-дан 20 сигнализация шлейфіне дейін;
      үлкен ақпараттық сыйымдылық – 20 сигнализация шлейфінен астам.
      ӨҚБА ақпараттылығы бойынша мынадай аспаптарға бөлінеді:
      шағын ақпараттылық – хабарламаның 3түріне дейін;
      орташа ақпараттылық – хабарламаның 3-тен 5 түріне дейін;
      үлкен ақпараттылық – хабарламаның 5 түрінен астам.
      ӨҚБА орташа және үлкен ақпараттық сыйымдылығы құрамдас бөліктерін резервке қою мүмкіндігі бойынша:
      резервке қойылмаған аспаптар;
      резервке қойылған аспаптар болып бөлінеді.
      Өрт басқару аспаптары (бұдан әрі – ӨБА):
      Басқару объектісі бойынша ӨБА мынадай топтарға бөлінеді:
      сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын басқаруға арналған;
      газбен өрт сөндіру қондырғыларын басқаруға арналған;
      ұнтақпен өрт сөндіру қондырғыларын басқаруға арналған;
      аэрозольмен өрт сөндіру қондырғыларын басқаруға арналған;
      түтін жою қондырғыларын басқаруға арналған;
      басқа да құрылғыларды басқаруға арналған;
      Ақпараттық сыйымдылығы (қорғалатын аймақтардың саны) бойынша ӨБА мынадай аспаптарға бөлінеді:
      шағын сыйымдылықты – 5 аймаққа дейін;
      орташа сыйымдылықты – 6-дан 20 аймаққа дейін;
      үлкен сыйымдылықты – 20 аймақтан астам.
      Тармақталуы (бір қорғалатын аймаққа өтетін коммутаторлық шынжырлардың санына) бойынша ӨБА мынадай аспаптарға бөлінеді:
      аз тармақталған – 3-ке дейін;
      орташа тармақталған – 4-тен 6-ға дейін;
      үлкен тармақталған – 6-дан астам.
      ӨБА құрамдас бөліктерін резервке қою мүмкіндігі бойынша:
      резервке қойылмаған;
      резервтке қойылған аспаптар болып бөлінеді.
      157. Автоматты өрт сигнализациясы жүйелері өртті автоматты байқауды, өрт туралы өрт сөндіру бекетінің үй-жайына хабарлауды, құлақтандыру мен адамдарды эвакуациялауды басқарудың техникалық құралдарына, өрт сөндіру, түтін жою қондырғыларын басқару аспаптарына, инженерлік және технологиялық жабдыққа басқару сигналдарын қалыптастыру мен беруді қамтамасыз ету үшін қолданылады.
      158. Қондырғылар кезекші персоналды өрт туралы сигналдан ерекшеленетін жарық және дыбыстық сигналдардың көмегімен жекелеген техникалық құралдардың арасындағы байланыс желісінің ақаулығын анықтау туралы хабарландыруды қамтамасыз етуі қажет.
      159. Өрт (өрт-күзет) сигнализациясы жүйелері өрттің туындағаны туралы кезекші персоналдың үй-жайындағы қабылдау-бақылау құрылғысына және ғимараттар мен құрылыстардағы құлақтандырудың арнайы шығарылатын құрылғыларына жарық және дыбыстық сигнал беруді қамтамасыз етуі тиіс.
      160. Өрт (өрт-күзет) сигнализациясының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары бір-бірімен, сондай-ақ олармен өзара байланысатын басқа да техникалық құралдармен электрлік және ақпараттық үйлесімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
      161. Өрт (өрт-күзет) сигнализациясының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары арасындағы байланыс желілері олардың өртті анықтау, эвакуация туралы сигналды беруге қажетті уақыт, эвакуациялау уақыты, сондай-ақ басқа да техникалық құралдарды басқаруға қажетті уақыт ішінде қызмет етуін қамтамасыз етуді ескере отыра орындалады.
      162. Өрт (өрт-күзет) сигнализациясының автоматты қондырғыларының өрт жабдығын басқару аспаптары басқарылатын жабдықтың типіне және объектінің талаптарына сәйкес басқару алгоритмін қамтамасыз етуі тиіс.
      163. Өрт (өрт-күзет) сигнализациясының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары өз функцияларын орындауы кезінде үздіксіз электрқоректендіргішпен қамтамасыз етіледі.
      164. Өрт (өрт-күзет) сигнализациясының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары қорғалатын объектіге тән шекті рұқсат етілген деңгейімен электромагниттік кедергілердің әсеріне төзімді болуы тиіс, бұл ретте олар қорғалатын объектіде қолданылатын техникалық құралдарға электромагниттік кедергілермен теріс әсерлерін тигізбеуі тиіс.
      165. Өрт хабарлағыштардың, өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелерінің, қабылдау-бақылау аспаптарының, сондай-ақ күзет, өрт және өрт-күзет сигнализациясы жүйелерінің параметрлері Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

9-параграф. Өрт хабарлағыштарына қойылатын талаптар

      166. Әрекетке келтіру тәсілі бойынша өрт хабарлағыштары автоматты (бұдан әрі – АӨХ) және қол болып бөлінеді.
      АӨХ мыналарға бөлінеді:
      Бақыланатын өрт белгісінің түрі бойынша АӨХ мынадай типтерге бөлінеді: жылу, түтін, жалын, құрама.
      Жылу АӨХ әрекет ету қағидаты бойынша:
      элементтердің электрлік кедергісінің температураға тәуелділігін қолданып;
      термоэлектрлік қозғалыс желілерін қолданып;
      желілік кеңейткішті қолданып;
      балқығыш немесе жанғыш ендірмелерді қолданып;
      магниттік индукцияның температураға тәуелділігін қолданып;
      көлемдік кеңейтішті (сұйықтықты, газды) қолданып;
      серпінді модульдің температураға тәуелділігін қолданып;
      "нысан жадысы" әсерін қолданып.
      Жылу АӨХ өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша:
      нүктелі;
      көп нүктелі;
      желілік болып бөлінеді.
      Түтін АӨХ әрекет ету қағидаты бойынша:
      иондау;
      оптикалық болып бөлінеді.
      Өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша түтін оптикалық АӨХ:
      нүктелі;
      желілік болып бөлінеді.
      Жалын АӨХ сезгіш элементпен қабылданатын электрмагниттік сәулелену спектрінің саласы бойынша:
      ультракүлгін сәулелену спектрі;
      инфрақызыл сәулелену спектрі болып бөлінеді.
      Құрама АӨХ.
      Бақыланатын өрт белгісіне реакциясының сипаты бойынша АӨХ:
      ең жоғарғы;
      дифференциалдық;
      ең жоғарғы дифференциалдық болып бөлінеді.
      Электрмен қоректендіру тәсілі бойынша АӨХ:
      шлейфтен қорентендіру;
      жеке өткізгіш арқылы қоректендіру;
      автономдық болып бөлінеді.
      АӨХ-қа мекенжайды орналастыру мүмкіндігі бойынша:
      мекенжайлық;
      мекенжайлық емес болып бөлінеді.
      167. Өрт сигнализациясының автоматты жүйелерінің өрт хабарлағыштары қорғалатын үй-жайда өртті үй-жайдың кез келген нүктесінен уақтылы табуды қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылады.
      168. Қол өрт хабарлағыштары эвакуациялау жолдарында өрт туындаған кезде оларды қосуға қолжетімді жерлерде орнатылады.
      169. Өрт хабарлағыштары тәулік бойы үздіксіз жұмысқа есептелген болуы тиіс.
      170. Өрт хабарлағыштары қабылдау-бақылау аспаптарымен ақпараттық және электрлік үйлесімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
      171. Өрт хабарлағыштарының дабыл хабарламасын беру режимінде қосылатын қосалқы қызыл түсті оптикалық индикаторы болуы тиіс.
      Оптикалық индикаторды өрт хабарлағышына орнату мүмкін болмаған жағдайда, шығарылатын оптикалық индикаторды қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі немесе оның дабыл хабарламасын беру режимінің жергілікті индикациясына арналған басқа да құралдары болуы тиіс.
      172. Егер өрт хабарлағышының конструкциясы оны розеткаға бекітуді көздейтін болса, онда өрт хабарлағышын розеткадан ажыратқан кезде қабылдау-бақылау аспабындағы ақаулық туралы хабарламаны қалыптастыру қамтамасыз етілуі тиіс.
      173. Өндіріс процесінде пайдаланылатын өрт хабарлағыштарының калибрлеу немесе күйін келтіру элементтерінде өрт хабарлағышын дайындағаннан кейін сырттан қолжетімділік болмауы тиіс.
      174. Өрт хабарлағышының сезгіштігін сыртқы реттеу мүмкіндігі кезінде мынадай талаптар орындалады:
      1) сезгіштіктің әр деңгейіне өрт хабарлағыштарына арналған белгілі бір таңбалау сәйкес келуі тиіс;
      2) өрт хабарлағышын монтаждағаннан кейін реттеу құралдарына тікелей қол жетімділік болмауы тиіс.
      175. Өрт хабарлағыштары оның әрбір үлгісінде сынақтар кезінде нормаланатын барлық техникалық сипаттамаларды тексеруді, сондай-ақ пайдалану процесінде жұмысқа қабілеттілігін тексеруді қамтамасыз ететін қалпына келтірілетін бұйым болуы тиіс.
      176. Желілік өрт хабарлағышының іске қосылу шегі 0,4 дБ-дан бастап 5,2 дБ-ға дейінгі шамада, бұл ретте хабарлағыштардың сегіз үлгісі үшін іске қосудың ең жоғарғы және ең төменгі шегінің мәндері 1,3-тен аспауы тиіс.
      177. Іске қосылудың реттелетін шегі бар желілік өрт хабарлағышы іске қосылудың белгіленген мәндерін көрсететін құрылғымен қамтамасыз етіледі. Іске қосылу шегін реттеу ауқымы 0,4-тен бастап 5,2 дБ-ға дейінгі шамада болуы тиіс.
      178. Желілік өрт хабарлағышының іске қосылу шегінің мәні үздіксіз ұзақ жұмыс кезінде өзгермеуі тиіс.
      179. Желілік өрт хабарлағышының іске қосылу шегінің мәні оптикалық осінің тік және көлденең жазықтықтарға көлбеу бұрышының өзгерістеріне байланысты болмауы тиіс.
      180. Желілік өрт хабарлағышының іске қосылу шегінің мәні қоректену кернеуінің номиналды мәндерінен 85%-дан бастап 110%-ға дейінгі шамада қоректену кернеуі өзгерген кезде өзгермеуі тиіс.
      181. Желілік өрт хабарлағышының қарама-қарсы компоненттерінің хабарлағыштың оптикалық осінің тік және көлденең жазықтықтарға көлбеу бұрышын өзгертуге мүмкіндік беретін реттеу құрылғысы болуы тиіс.
      182. Желілік өрт хабарлағышы кабель қосылыстарының ақаулығы жағдайында "Ақаулық" деген сигналды қалыптастырып, компоненттер арасында кабельдік қосылыстарды бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
      183. Кезекші режимдегі желілік өрт хабарлағышының тұтынатын қуаты 1,0 Вт аспауы тиіс.
      184. Желілік өрт хабарлағышының іске қосылу шегінің мәні жолдың оптикалық ұзындығына байланысты болмауы тиіс.
      185. Желілік өрт хабарлағышы ортаның оптикалық тығыздығы (5,2+0,5) дБ жылдам артқан кезде (5 секундтан аспайтын уақытта) 10 секундтан аспайтын уақытта "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы тиіс.
      186. Оптиканы ластау компенсациясының құрылғысы бар желілік өрт хабарлағышы 2,8 дБ шектік компенсациясына қол жеткізген кезде 30 минут ішінде 0,268 дБ аспайтын ортаның оптикалық тығыздығын өзгерту жылдамдығымен "Ақаулық" деген сигналды қалыптастыруы тиіс.
      1 минут ішінде 0,109 дБ аспайтын жылдамдығы бар ортаның оптикалық тығыздығы одан әрі артқан кезде компенсация құрылғысы бар желілік хабарлағыш 10 дБ ортаның оптикалық тығыздығы мәніне қол жеткізгенге дейін "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы тиіс.
      187. Желілік хабарлағыш таратқыштың (1+0,1) секундтық сәулеленуі үзілген кезде "Ақаулық" немесе "Өрт" деген сигналды қалыптастырмауы тиіс.
      188. Дискретті шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарлағышының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің әсері аяқталғаннан кейін сақталуы тиіс. Сигналды ажырату қоректендіруді 3 секундтан аспайтын уақытқа ажырату арқылы немесе арнайы құрылғының көмегімен жүргізілуі тиіс.
      189. Оптикалық өрт хабарлағышының қоректендіру кернеуінің номиналды мәні 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В қатарынан немесе 30 В-дан анықталады.
      190. Оптикалық өрт хабарлағышының сезгіштігі 0,05 дБ/м бастап 0,2 дБ/м дейінгі шамада таңдап алынады.
      191. Дискреттік шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарлағышына техникалық құжаттамада сезгіштіктің нақты мәні белгіленеді.
      192. Ұқсас шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарлағышына техникалық құжаттамада сезгіштік мәнінің ауқымы белгіленеді.
      193. Ұқсас шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарлағышы бақылайтын ең жоғарғы үлестік оптикалық тығыздық қалыпты жағдайларда кемінде 0,2 дБ/м болуы тиіс.
      194. Оптикалық өрт хабарлағышының сезгіштік мәні:
      1) хабарлағыштың іске қосылу санына байланысты болмауы;
      2) ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы;
      3) ауа ағынының бағытына қарай бағдарға байланысты болмауы;
      4) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі;
      5) нақты типті оптикалық өрт хабарлағышына техникалық құжаттамада көрсетілген кернеу ауқымының ішінде қоректену кернеуіне байланысты болмауы тиіс.
      195. Газды өрт хабарлағыштары төменде келтірілген газдардың бір немесе бірнешеуіне мына концентрациялар шегінде реакцияға түсуі тиіс:
      1) көміртегінің (СО2) диоксиді үшін 1000 ррm бастап 1500 ррm дейінгі шегінде;
      2) көміртегі оксиді (СО) үшін 20 ррm бастап 80 ррm дейінгі шегінде;
      3) көмірсутегі газдары (СхНу) үшін 10 ррm бастап 20 ррm дейінгі шегінде.
      196. Газды өрт хабарлағыштары қоректену кернеуінің номиналды мәнінен 75 %-дан бастап 115 %-ға дейінгі шегінде қоректену кернеуі өзгерген кезде жұмысқа қабілеттілігін сақтауы тиіс.
      197. Автономды өрт хабарлағышы іске қосылған кезде дауыс қаттылығының деңгейі 4 минут бойы кемінде 85 дБ "Дабыл" деген дыбыстық сигналды беруі тиіс (автономды хабарлағыштан 1 метр қашықтықта өлшенген).
      198. Оптикалық-электронды автономды түтін өрт хабарлағышының сезгіштігі 0,05 дБ/м бастап 0,20 дБ/м дейінгі шамада болуы тиіс.
      199. Автономды өрт хабарлағыш сезгіштігінің (іске қосылу шегінің) мәні:
      1) іске қосылу санына байланысты болмауы;
      2) ауа ағынының бағытына қарай бағдарға байланысты болмауы;
      3) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі тиіс.
      200. Автономды өрт хабарлағышының сезгіштігі 0,2 м/с бастап 1,0 м/с дейінгі жылдамдығы бар ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы тиіс.
      201. Автономды өрт хабарлағышының ауа ағынының (10,0+0,5) м/с жылдамдығының мәні кезінде "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі тиіс.
      202. Автономды өрт хабарлағышының кезекші режимде қоректенудің ішкі көзінен тұтынатын токтың мәні 50 мкА аспауы тиіс.

10-параграф. Өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелеріне қойылатын талаптар

      203. Өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелері (бұдан әрі – ӨСМЖ) ӨСМЖ қосылатын мекенжайлық өрт хабарлағыштарының ең көп саны бойынша үш санатқа бөлінеді:
      1) 1-санат – 1-ден бастап 128-ге дейін мекенжайлық өрт хабарлағыштары (бұдан әрі – мекенжайлық ӨХ). ӨСМЖ шлейфі перифериясының ең аз конфигурациясы түтін мекенжайлық ӨХ-ті қамтиды;
      2) 2-санат – 129-дан бастап 512-ге дейін мекенжайлық өрт хабарлағыштары. ӨСМЖ-інің шығарылатын дыбыс өрт хабарлағышы бар, ал шлейф перифериясының ең аз конфигурациясы түтін және қол мекенжайлық ӨХ-ін қамтиды;
      3) 3-санат – 512-ден астам мекенжайлық өрт хабарлағыштары. ӨСМЖ-нің "Өрт" деген сигнал келіп түсетін, мекенжайлық ӨХ нөмірін көрсететін шығарылатын дыбыстық өрт хабарлағышы және дыбыстық сигнализациясы бар шығарылатын қайталама дисплейі бар, ал шлейф перифериясының ең аз конфигурациясы түтін, жылу және қол мекенжайлық ӨХ-ті қамтиды.
      Қорғалатын үй-жайдағы өрт қауіпті жағдай туралы ақпаратты беру тәсілі бойынша ӨСМЖ:
      ұқсас ӨСМЖ;
      дискреттік ӨСМЖ;
      құрама ӨСМЖ болып бөлінеді.
      204. Өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелері кезекші персонал тәулік бойы болатын үй-жайларда орнатылады.
      205. Өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелері қорғалатын үй-жайда (мекенжайлық өрт хабарлағыштары орнатылған орындарда) мекенжайлық өрт хабарлағыштарының құрамына кіретін мекенжайлық өрт хабарлағыштарының іске қосылу шегінің бақыланатын факторының сандық шамасынан асқан кезде, сондай-ақ мекенжайлық қол өрт хабарлағышын қосқан кезде "Өрт" деген режимге ауысуы тиіс.
      206. Өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелері "Өрт" деген сигнал келіп түскен мекенжайлық өрт хабарлағыштары мекенжайларының кодтарын (бұдан әрі – нөмірлер) визуалды бейнелеуді автоматты түрде қамтамасыз етуі тиіс. "Өрт" деген сигнал келіп түскен мекенжайлық өрт хабарлағыштарының бір мезгілде немесе кезектесіп бейнеленетін нөмірлерінің жалпы саны кемінде 10 нөмір болуы қажет.
      207. Өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйесі:
      1) осы ақпаратты визуалды бейнелеу мүмкіндігі бар "Өрт" деген сигналдың келіп түскен санын есте сақтау құрылғысы болуы;
      2) мекенжайлық өрт хабарлағыштарының нөмірлерін визуалды бейнелеуі бар мекенжайлық өрт хабарлағыштарының жұмысқа қабілеттілігін автоматты қашықтықтан тексеруді қамтамасыз етуі;
      3) реле түйіспесінің көмегімен "Өрт" және "Ақаулық" деген электрлік сигналдарды таратуды, сондай-ақ өрт автоматикасының қондырғыларын іске қосуға сигналдарды қосуды қамтамасыз етуі тиіс.
      208. Мекенжайлық өрт хабарлағышының істен шыққан сәтінен бастап мекенжайлық қабылдау-бақылау аспабында ақпарат пайда болғанға дейінгі аралық 2 сағаттан аспауы тиіс.
      209. Өрт сигнализациясы мекенжайлық жүйесінің:
      1) өрт автоматикасының қондырғыларын іске қосу сигналдарын қолмен қашықтықтан қосу мүмкіндігі болуы;
      2) өрт автоматикасы қондырғыларының кездейсоқ іске қосылуынан қорғанышы болуы тиіс.
      210. Мекенжайлық өрт хабарлағышынан "Өрт" деген сигнал келіп түскен кезде мекенжайлық қабылдау-бақылау аспабында қызыл түсті "Өрт" деген оптикалық индикатор және "Өрт" деген екі үнді дыбыстық сигнал қосылуы тиіс.
      211. Өрт автоматикасы қондырғысының іске қосу сигналын автоматты қосуды жүзеге асыратын мекенжайлық өрт хабарлағыштарының кез келген бағдарламаланған топтарының мекенжайлық өрт хабарлағышынан "Өрт" деген алғашқы сигналдың келіп түсуі тиісті қызыл түсті оптикалық индикатордың қосылуымен сүйемелденуі тиіс.
      212. Электрлік қоректенудің негізгі көзі ажыратылғаннан кейін өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйесі "Өрт" және "Ақаулық" деген режимдерден ерекшеленетін дыбыстық сигнализациясының және тиісті оптикалық индикатордың (қызыл түстен басқа) қосылуымен немесе оптикалық индикатордың басқа режимде қосылуымен резервтік көзден электрлік қоректенуге автоматты ауыстырылып қосылуы бар "Резерв" деген режимге ауысуы тиіс.
      Жұмысқа қабілетін бұзатын мекенжайлық өрт хабарлағышының электрлік схемасының кез келген құраушы элементінің істен шығуы немесе мекенжайлық қабылдау-бақылау аспаптары мен мекенжайлық өрт хабарлағышының арасында ақпарат алмасу процесін бұзатын шлейфтің істен шығуы ақаулылық болып табылады.
      213. Ажыратылғаннан, істен шыққаннан немесе электрлік қоректенудің резервтік көзінің нормасынан төмен разрядтағаннан кейін өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйесі тиісті оптикалық индикаторын (қызыл түстен басқа) және "Өрт", "Ақаулық" және "Резерв" деген режимдерден ерекшеленетін дыбыстық сигнализацияны қосып, "Разряд" деген режимге ауысуы тиіс.
      Электрлік қоректенудің резервтік көзінің күйін мерзімді бақылаудан туындаған "Разряд" деген режимге ауысу кезінде бақылау арасындағы уақыт аралығы 2 сағаттан аспауы тиіс, ал дыбыстық сигнал қысқа мерзімді болуы мүмкін.
      214. Дыбыстық сигналдарды ажырату үшін мекенжайлық қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарының бекіткіші бар түймесі немесе дыбыстық сигналдарды ажыратудың режиміне сәйкес оның қалпынан оптикалық индикациясы бар бекіткіші бар түймесі болуы тиіс.
      215. Мекенжайлық қабылдау-бақылау аспабын басқару органдарының ақпаратты сақтай отырып, барлық келіп түскен сигналдарды жедел ажырату үшін бекіткіші жоқ түймешігі болуы тиіс.
      216. Өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйесінде "Өрт" деген оптикалық, дыбыстық және электрлік сигналдардың басқа сигналдарға қарағанда басымдығы болуы тиіс.
      217. Барлық санаттағы өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелеріндегі бағдарламалау және басқару органдары рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғалған болуы қажет.
      218. Мекенжайлық өрт хабарлағышына мекенжайлық өрт хабарлағышының іске қосылу шегінен немесе өрт сигнализациясының барлық ұқсас жүйесінің іске қосылу шегінен асатын шамасы бар өрттің бақыланатын факторы әсер етудің басталған сәтінен бастап оның "Өрт" деген режимге ауысуына дейінгі уақыт аралығы 10 секундтан аспауы тиіс.
      Мекенжайлық өрт хабарлағышын қолмен қосқан сәттен бастап өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйесінің "Өрт" деген режимге ауысуына дейінгі уақыт аралығы 10 секундтан аспауы тиіс.

11-параграф. Өрт сигнализациясының автоматты жүйелерінің өрт қабылдау-бақылау аспаптарына қойылатын талаптар

      219. Өрт қабылдау-бақылау және өрт-күзет аспаптары (бұдан әрі – ӨҚБА) ақпараттық сыйымдылығы (бақыланатын сигнализация шлейфтерінің саны) бойынша ӨҚБА мынадай аспаптарға бөлінеді:
      шағын ақпараттық сыйымдылық – 5 сигнализация шлейфіне дейін;
      орташа ақпараттық сыйымдылық – 6-дан бастап 20 сигнализация шлейфіне дейін;
      үлкен ақпараттық сыйымдылық – 20 сигнализация шлейфінен астам.
      ӨҚБА ақпараттылығы бойынша мынадай аспаптарға бөлінеді:
      шағын ақпараттылық – хабарламаның 3 түріне дейін;
      орташа ақпараттылық – хабарламаның 3-тен 5 түріне дейін;
      үлкен ақпараттылық – хабарламаның 5 түрінен астам.
      ӨҚБА орташа және үлкен ақпараттық сыйымдылығы құрамдас бөліктерін резервке қою мүмкіндігі бойынша:
      резервке қойылмаған аспаптар;
      резервке қойылған аспаптар болып бөлінеді.
      220. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары кезекші персонал тәулік бойы болатын үй-жайларда орнатылады.
      221. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай функцияларды:
      1) өрт хабарлағыштары іске қосылған шлейфтің нөмірінің жарық индикациясы бар қол және автоматты өрт хабарлағыштарынан және дыбыстық және жарық сигнализациясын қосу арқылы электрлік сигналдарын қабылдауды;
      2) барлық ұзындығы бойынша үзілуді немесе ондағы қысқа тұйықталуды автоматты анықтағышы бар сигнализация шлейфтерінің жарамдылығын, сондай-ақ пайда болған ақаулық туралы жарық және дыбыстық сигнализацияны бақылауды;
      3) сигнализацияның және байланыс желілерінің жерге тұйықталуын (егер бұл өрт қабылдау-бақылау аспаптарының қалыпты жұмысына кедергі келтіретін болса) бақылауды;
      4) олардың ақаулығы туралы сыртқы тізбектерге хабарлама беру мүмкіндігі бар өрт қабылдау-бақылау аспаптарының түйіндері мен блоктарының жұмыс қабілеттілігі мен жай-күйін қолмен немесе автоматты бақылауды;
      5) сигнализацияның кез келген шлейфін қолмен қосуды қамтамасыз етуі тиіс, бұл ретте сигнализацияның бір немесе бірнеше шлейфтерін қосуға сыртқы тізбектерге ақаулық туралы хабарды берумен сүйемелденуі тиіс;
      6) жарық индикациясын сақтай отырып, қабылданған хабар туралы дыбыстық сигнализацияны қолмен қосу, сонымен қатар дыбыстық сигнализацияны ажырату сигнализациясының басқа шлейфтерінен хабарларды қабылдауға және жаңадан дабыл хабарламасы келіп түскен кезде кезекті қосылуына ықпал етпеуі тиіс;
      7) өрт қабылдау-бақылау аспаптары қалыптастыратын басқа сигналдарға қарағанда өрт туралы хабарламаны сыртқы тізбектерге айрықша тіркеуді және беруді;
      8) қол өрт хабарлағышына өрт туралы хабарламаны қабылданғанын нақтылайтын кері сигналдың жіберілуін;
      9) басқару органдарын бөгде адамдардың рұқсатсыз қолжетімділігінен қорғауды;
      10) өрт, өрт қабылдау-бақылау аспаптарының ақаулығы мен оның басқару органдарына бөгде адамдардың рұқсатсыз кіргені туралы бөлек хабарлардың автоматты берілуін;
      11) қорғалатын бір үй-жайда орнатылған екі өрт хабарлағышы іске қосылған кезде өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының басқару аспаптарын жіберудің бастапқы импульсін кемінде 30 секунд ұстап және адамдардың болуы көзделмеген үй-жайлар үшін уақыт ұстамай қалыптастыруды;
      12) электр қоректендіргіштің негізгі көзден резервтікке және сыртқы тізбектерге жалған сигналдарды бермей тиісті индикацияны қосып, кері автоматты ауысып-қосылуын;
      13) сигнализацияның бір шлейфіне қалыпты тұйықталған түйіспелері бар белсенді (энергия тұтынушы) және белсенді емес өрт хабарлағыштарының қосылу мүмкіндігін;
      14) резервтік қоректендіру көзінің (аккумулятордың) жай-күйін бақылауды;
      15) өрт туралы хабарламаны қалыптастыру тактикасын бағдарламалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      222. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай хабарламаларды беруді қамтамасыз етуі тиіс:
      1) сигнализацияның шлейфіндегі бір өрт хабарлағышы іске қосылған кезде өрт туралы;
      2) өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен бірге жұмыс істейтін өрт қабылдау-бақылау аспаптары үшін екі өрт хабарлағышы іске қосылған кезде өрт туралы;
      3) сигнализация шлейфінің қысқа тұйықталуы немесе үзілуі туралы;
      4) негізгі қоректендіру көзі кернеуінің ажыратылғаны туралы немесе кернеудің рұқсат етілген деңгейден төмендегені туралы;
      5) резервтік қоректендіру көзі кернеуінің ажыратылғаны туралы;
      6) жұмыс қабілеттілігін автоматты немесе қолмен тексеру кезінде өрт қабылдау-бақылау аспабының ақаулығы туралы;
      7) негізгі қоректендіру көзінен резервке ауысқаны туралы;
      8) бөгде адамдардың өрт қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарына рұқсатсыз енгені туралы.
      223. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары хабарламаларды мынадай тәсілдердің бірімен тіркеуді және бейнелеуді:
      1) жарық индикациясымен;
      2) жарық индикациясымен және дыбыстық құлақтандырумен қамтамасыз етуі тиіс.
      224. Өрт қабылдау-бақылау аспаптарының мынадай:
      1) кезекші режимде және дабыл режимінде қоректендірудің резервтік көзінен тұтынылатын ток;
      2) қоректендіру кернеуінің ауқымы;
      3) кедергіден қорғанушылық;
      4) ақпараттық сыйымдылық;
      5) ақпараттылық;
      6) шығу байланыстарымен коммутацияланатын ең жоғарғы кернеу;
      7) шығу байланыстарымен коммутацияланатын ең жоғарғы ток;
      8) жұмысқа техникалық әзірлігінің уақыты;
      9) өрт қабылдау-бақылау аспаптары өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтап қалатын шығару элементінің кедергісін есепке алмайтын сигнализация шлейфінің ең жоғарғы кедергісі;
      10) өрт қабылдау-бақылау аспаптары өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтап қалатын сигнал беру жабдығы шлейфтерінің сымдарының немесе "Жерге" сымдарының әрбірінің арасындағы жылыстау кедергісінің ең төменгі рұқсат етілген шамасы;
      11) хабарлағыштарды қоректендіру үшін сигнализацияның шлейфі бойынша токтың шамасы;
      12) дабыл туралы хабарламаның ұзақтығы;
      13) климаттық әсерлері бойынша қолданудың жұмыс жағдайлары;
      14) механикалық әсерлері бойынша қолданудың жұмыс жағдайлары;
      15) габариттік өлшемдері деген мақсаттардың көрсеткіштері болуы тиіс.

12-параграф. Күзет, өрт (өрт-күзет) сигнализациясы құралдарына қойылатын талаптар

      225. Күзет, өрт (өрт-күзет) құралдарының сигнализациясы (бұдан әрі – бұйымдар) төрт негізгі бағытта:
      1) хабарлағыштар, шифр құрылғылары және қабылдау-бақылау аспаптары немесе өрт сигнализациясы;
      2) қабылдау-бақылау аспаптары немесе өрт сигнализациясының, хабарлағыштар мен хабарламаларды беру жүйесінің соңғы құрылғылары;
      3) соңғы қайта таратқыштар, хабарламаларды беру жүйесінің орталықтандырылған бақылау пульті және үнді жиіліктің стандартты арнасы;
      4) хабарламаларды беру жүйесінің орталықтандырылған бақылау пульті мен перифериялық аппаратуралар арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
      226. Функциялық мақсатына қарай бұйымдар тұтынушыларға кіру, күзетілетін объектідегі өрт туралы ақпаратты берілген түрде қалыптастыруды, алуды, өңдеуді, беруді және ұсынуды қамтамасыз етуі тиіс.
      227. Бұйымның типіне қарай хабарламаларды тіркеу мен бейнелеу бір немесе бірнеше тәсілмен:
      1) оптикалық индикациямен;
      2) жарықтық, дыбыстық немесе сөздік хабарлаумен;
      3) электрлік сигналды түйіспелі немесе түйіспесіз тәсілмен қалыптастырумен;
      4) алфавиттік-цифрлық басып шығаратын құрылғымен;
      5) магнитті (м) таспамен (дискпен) жүзеге асырылуы тиіс.
      228. Функциялық мақсатына қарай бұйымдар мына жағдайларда:
      1) бұзушының енген немесе жақындаған;
      2) қарақшылық басып алған; жану ошағын анықтаған;
      3) аппаратураның ақаулығы (қызметтік хабарлама);
      4) электр қоректенудің рұқсат етілген деңгейден төмендеген;
      5) негізгіден резервтік қоректендіру көзіне және кері ауысқан (қызметтік хабарлама);
      6) сигнализацияның сигналдық сымдарының немесе шлейфтерінің қысқа тұйықталған немесе үзілген;
      7) аппарат жұмысына рұқсатсыз енген немесе басқа да қызметтік хабарламалар жағдайларында хабар беруі тиіс.
      229. Хабарламаның бірнеше түрі берілген кезде бұйым өрт, бұзушының енгені және қарақшылық басып алу туралы хабарламаларды берудің бірінші кезектілігін қамтамасыз етуі тиіс.
      230. Қысқа тұйықталу, жерге тұйықталу, сондай-ақ техникалық құралдар кешендерінің түйіндес тізбектерімен қосылу желілерінің үзілуі жанасатын бұйымдарда бүлінулерді тудырмауы тиіс.
      231. Негізгі қоректендіру жоғалған кезде резервтік қоректендіруге автоматты және кері ауысуы бар бұйымдар дабылды хабарламаларды бермей-ақ ауыстырып-қосуды қамтамасыз етуі тиіс.
      232. Күзет, өрт (өрт-күзет) сигнализациясы құралдарының типтері мен негізгі параметрлері Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

13-параграф. Ғимараттар мен құрылыстарда өрт туралы құлақтандыру және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелеріне қойылатын талаптар

      233. Берілетін сигналдардың сипатына қарай құлақтандырғыштар:
      1) жарық;
      2) дыбыстық;
      3) сөздік;
      4) құрама болып бөлінеді.
      234. Құлақтандырудың тәсілі мен кезектілігіне қарай аспаптар 5 топқа бөлінеді:
      1-топ:
      1) құлақтандырудың тәсілдері: дыбыстық, жарық (жарық жыпылықтау сигналы, "Шығу" деген жарық көрсеткіш);
      2) құлақтандырудың кезектілігі: құлақтандырудың бір желісі (барлық құлақтандырғыштарды құлақтандыру желісіне бір мезгілде қосып);
      2-топ:
      1) құлақтандырудың тәсілдері: дыбыстық, жарық (жарық жыпылықтау сигналы, "Шығу" деген жарық көрсеткіштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткіштері);
      2) құлақтандырудың кезектілігі: құлақтандырудың екі немесе одан да көп желілері (құлақтандырудың берілген кезектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір желіні тәуелсіз қосу);
      3-топ:
      1) құлақтандырудың тәсілдері: дыбыстық, сөздік, жарықтық ("Шығу" деген жарық көрсеткіштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткіштері);
      2) құлақтандырудың кезектілігі: құлақтандырудың екі немесе одан да көп желілері (құлақтандырудың берілген кезектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір желіні тәуелсіз қосу);
      4-топ:
      1) құлақтандырудың тәсілдері: дыбыстық, сөздік, жарық ("Шығу" деген жарық көрсеткіштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткіштері);
      2) құлақтандырудың кезектілігі: құлақтандырудың екі немесе одан да көп желілері (құлақтандырудың берілген кезектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір желіні тәуелсіз қосу);
      3) диспетчер бөлмесінен хабарлау аймағының байланысы;
      5-топ:
      1) құлақтандырудың тәсілдері: дыбыстық, сөздік, жарық ("Шығу" деген жарық көрсеткіштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткіштері);
      2) құлақтандырудың кезектілігі: құлақтандырудың екі немесе одан да көп желілері (құлақтандырудың берілген кезектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір желіні тәуелсіз қосу);
      3) диспетчерлікпен құлақтандыру аймағының байланысы;
      4) құлақтандыру жүйесін басқаруды толық автоматтандыру және құлақтандырудың әрбір аймағынан эвакуациялауды ұйымдастырудың бірнеше нұсқаларын тарату мүмкіндігі болып бөлінеді.
      235. Өрт кезінде құлақтандыру және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелері:
      1) ғимараттың барлық үй-жайларына дыбыстық, ал қажет болған жағдайларда жарық сигналдарын беруді;
      2) сөздік хабарламаларды таратуды;
      3) өрттің пайда болу орны туралы, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ үрей мен эвакуациялау процесін қиындататын басқа да құбылыстарды болдырмауға бағытталған эвакуациялау жолдары мен әрекеттер туралы хабарламарды ғимараттың немесе үй-жайдың жекелеген аймақтарына беруді;
      4) эвакуацияның ұсынылатын бағытына жарық және дыбыстық нұсқағыштарды;
      5) эвакуациялық жарықтандыруды іске қосуды;
      6) өрт бекетінің (диспетчерліктің) адамдар болуы мүмкін барлық үй-жайлармен екі жақты байланысын;
      7) электромагниттік құлыптармен жабдықталған эвакуациялық шығу есіктерінің қашықтан ашылуын қамтамасыз етуі тиіс.
      236. Аспаптар хабарламаларды тіркеу мен бейнелеуді мына тәсілдердің бірімен:
      1) жарық индикациясымен;
      2) жарық индикациясымен және дыбыстық сигнализациямен қамтамасыз етуі тиіс.
      237. Сөздік құлақтандырғышты басқару аспаптары жазылған фонограммаларды таратуды және (немесе) хабарламалар мен басқару командаларын микрофон арқылы тікелей таратуды қамтамасыз етуі тиіс.
      238. 4 және 5-топтың сөздік және дыбыстық құлақтандырғыштардың басқару аспаптарында құлақтандыру аймағымен екі жақты коммуникациялық байланыстың мүмкіндігі көзделуі тиіс.
      Құлақтандырғыштарға басқарушы сигналдарды беру туралы дыбыстық сигналдар басқа сигналдардан ерекшеленуі тиіс.
      239. Сөздік құлақтандырғыштарды басқару аспаптарының өрт кезінде объектіде штаттық емес өзгеру жағдайында басқару командаларын жедел түзету мүмкіндігі болуы тиіс.
      240. Құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері эвакуациялау жоспарларын тарату мақсатында жобаланады. Құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйесін жобалаған кезде оның азаматтық қорғаныстың құлақтандыру жүйесімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін көздеуі тиіс.
      241. Құлақтандыру және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйесі егер ғимаратта нормативтік құжаттарға сәйкес автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен және автоматты өрт сигнализациясымен жабдықтау қажет етілмеген жағдайдан басқа, автоматты өрт сигнализациясының немесе автоматты өрт сөндіру қондырғысы іске қосылған кезде автоматты қосылуы тиіс. Бұл жағдайда құлақтандыру және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйесін қашықтықтан іске қосу қол өрт хабарлағыштарына қойылатын нормалардың талаптарына сәйкес орындалған және орналастырылған іске қосу элементтеріненм жүзеге асырылуы тиіс.
      қалыптастыратын командалық импульстен іске қосылуы тиіс.
      242. Жартылай автоматты басқару, сондай-ақ құлақтандыру мен эвакуациялауды басқару жүйелерін қашықтықтан және жергілікті іске қосу ҚР ҚН 2.02-11-2002* "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сигнализациясы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарды құлақтандыру қондырғыларымен жабдықтау нормалары" талаптарына сәйкес жекелеген құлақтандыру аймақтарында қолданылады.
      Басқарудың түрін таңдау өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге негізге ала отырып, ғимараттың функционалдық мақсатына, конструктивті және көлемді-жоспарлау шешімдеріне қарай жобалаушы ұйым анықтайды.
      243. Объектіні құлақтандыру аймағына бөлу кезінде жобада қорғалатын объектідегі адамдарды құлақтандырудың арнайы кезектілігі әзірленеді.
      244. Өрт құлақтандыру аймақтарының көлемдері, құлақтандырудың кезектілігі мен жекелеген аймақтарда құлақтандырудың басталу уақыты адамдарды өрт кезінде қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету жағдайына қарай анықталады.
      245. Құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері адамдарды ғимараттан эвакуациялауды аяқтауға қажетті уақыт ішінде қызмет етуі тиіс.
      246. Сымдар мен құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерін қосу желілерінің кабельдерін құрылыс конструкцияларына, қораптарға немесе жанбайтын материалдардан жасалған арналарға салады.
      247. Эвакуациялық жарықтандырылған нұсқағыштар жұмыс жарықтандырудың негізгі жарықтандыру аспаптарымен бір мезгілде қосылуы тиіс. Құлақтандыру мен эвакуациялауды басқару жүйелерінен өрт туралы құлақтандырудың басталғаны және (немесе) жұмыс жарықтандыруды қоректендірудің авариялық тоқтағаны туралы командалық импульсті алған кезде автоматты қосылатын эвакуациялық жарықтандырылған нұсқағыштарды пайдалануға жол беріледі.
      248. Дыбыстық және сөздік өрт құлақтандырғыштардың саны, олардың орналасуы мен қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық орындарда қажетті естілуді қамтамасыз етуі тиіс.
      249. Құлақтандырғыштардың дауыс реттегіштері болмауы және желіге алынбалы құрылғыларсыз қосылуы тиіс.
      250. Құлақтандырудың дыбыстық сигналдары үндестігі бойынша басқа мақсаттағы дыбыстық сигналдардан ерекшеленуі тиіс.
      251. Құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйесін басқару өртке қарсы қорғау жүйелерін басқарудың орталық пунктінен, өрт сөндіру бекетінің үй-жайынан, операторлық немесе басқа арнайы үй-жайлардан жүзеге асырылуы тиіс.
      252. Жобаны әзірлеу сатысында құлақтандыру жүйелерін басқару түріне қарамастан (қолмен немесе жартылай автоматты іске қосылатын), оның еріксіз жұмыс істеуін немесе кездейсоқ қосылуын болдырмайтын құрылғы қарастырылады.
      253. Физикалық кемістігі бар адамдар болатын (жұмыс істейтін, тұратын, бос уақытын өткізетін) ғимараттар мен үй-жайларда құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерін жобалау және (немесе) монтаждау кезінде осы ерекшеліктер ескеріледі.
      254. Объектіде радио хабар тарату торабы болса, адамдарды өрт туралы құлақтандыруды осылар арқылы жүзеге асыруға жол беріледі.
      255. Радио хабар тарату тораптарын оларды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелеріне қосу мүмкіндігімен бірге жобалайды.
      256. Құлақтандырудың техникалық құралдары электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша ЭҚОҚ-қа сәйкес І-санатты электр қабылдағыштармен қамтамасыз етіледі және мына тәсілдердің бірімен:
      1) 220 В кернеуімен 50 Гц жиілікпен ауыспалы токтың желісінен;
      2) 3 В, 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В, 30 В, 36 В, 42 В, 60 В немесе 110 В қатарынан таңдап алынатын қоректендіру кернеуімен тұрақты токтың көздерінен жүзеге асырылады.
      257. Құлақтандырудың техникалық құралдарының резервтік электр қоректенуі:
      1) ауыспалы ток желісінің екінші тәуелсіз енгізуден;
      2) тұрақты токтың қоректендіру көзінен;
      3) тұрақты токтың автономды электр агрегатынан жүзеге асырылуы тиіс.
      Тұрақты токтың резервтік көзі ретінде құрғақ гальваникалық элементтерді немесе аккумулятор батареяларын пайдалануға жол беріледі.
      258. Құлақтандырудың техникалық құралдарының тұрақты токтың резервтік көзінен кезекші режимдегі жұмыс уақыты кемінде 24 сағат болуы тиіс.
      259. Құлақтандырудың техникалық құралдарының тұрақты токтың резервтік көзінен дабылды режимдегі жұмыс уақыты кемінде 3 сағат болуы тиіс.
      260. Құлақтандырудың техникалық құралдарының параметрлері мен орындалуы, жарықтандырылған нұсқағыштар мен эвакуациялау белгілерін, дыбыстық құлақтандырғыштарды, эвакуациялық жарықтандыруды орналастыру Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.

14-параграф. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын таңбалау мен буып-түюге қойылатын талаптар

      261. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын таңбалау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 15 қазандағы № 724 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14471 болып тіркелген) "Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес айқындалады.
      262. Тасымалдау ыдысын таңбалауда ішінде ҚР СТ Р МемСТ 12.4.026-2002 "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеу. Жалпы техникалық шарттар мен қолданылу тәртібі" талаптарына сәйкес "Абайлаңыз, сынғыш!"; "Ылғалдан сақтаңыз"; "Жоғары, аударуға болмайды" деген ескертетін қауіпсіздік белгілері болуы тиіс.
      263. Таңбалауды салу орны мен тәсілі нақты типтегі және модификациядағы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық құжаттамада көрсетіледі.
      264. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тоттануға қарсы қорғанышы бар тұтыну ыдысында буып-түйіледі.
      265. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жеткізу жиынтығы оларды тасымалдау мен сақтау кезінде бүлінуден қорғау мақсатында тасымалдау ыдысына буып-түйіледі.

15-параграф. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдауға және сақтауға қойылатын талаптар

      266. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдау және сақтау талаптары оларды пайдалану талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      267. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтау кезінде оларды механикалық бүлінуден, қызудан, тікелей күн сәулесінің түсуінен, атмосфералық жауын-шашыннан, ылғал мен агрессивті ортаның әсерлерінен қорғайтын жағдайлар қамтамасыз етіледі.

5-тарау. Сәйкестік презумпциясы

      268. Үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған және объектілерде орнатылған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құрылғылар мен жабдықтар, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.
      269. Талаптары осы Техникалық регламентте көрсетілген талаптардан кем болмаса, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары стандарттау саласындағы өзге де нормативтік құжаттар бойынша жасалуы мүмкін.

6-тарау. Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі

      270. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдары, өрт сөндіру құралдары (көбіктүзгіштер, газ және ұнтақты өрт сөндіру құрамдары) оларды Қазақстан Республикасының нарығына жеткізгенге дейін сәйкестікті растау рәсіміне жатады.
      271. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың функциялары, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өнімнің сәйкестігін анықтау тәртібі "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес анықталады.
      272. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын сәйкестендіру сәйкестікті растаун және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізіледі.
      273. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын сәйкестендіруді:
      1) сынақ зертханалары;
      2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
      3) өз құзыретінің шегінде бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдар жүргізеді.
      274. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының сәйкестігін растау мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес оларды пайдалануға қабылдау кезінде;
      2) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде.

7-тарау. Қолданысқа енгізу шарттары

      275. Ережелері осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына қатысты бөлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасының аумағында сақталады.

8-тарау. Стандарттар тізбесі

      276. Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін стандарттар тізбесі осы Техникалық регламенттің 6-қосымшасында келтірілген.
      Зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын және техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасында келтірілген.
      277. Осы техникалық регламентпен бекітілген қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз ететін қолданыстағы стандарттарды үйлестіру осы Техникалық регламентпен белгіленген, техникалық реттеу саласындағы заңнамалармен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

  "Ғимараттарды, үй-жайлар мен
құрылыстарды автоматты өрт
сөндіру және автоматты өрт
сигнализациясы, өрт кезінде
адамдарды құлақтандыру
және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерімен жабдықтау
жөніндегі талаптар"
Техникалық регламентке
1-қосымша

Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын өнімнің тізбесі

Р/с


Өнімнің атауы

СЭҚ ТН коды

1. Өрт және өрт-күзет сигнализациясы техникалық құралдары:

1.1

Жылу өрт хабарлағыштары
8531 100 000

1.2

Оптика-электронды сызықтық түтін сезгіш өрт хабарлағыштары
8531 100 000

1.3

Оптика-электронды нүктелік түтін сезгіш өрт хабарлағыштары
8531 100 000

1.4

Радиоизотопты түтін сезгіш өрт хабарлағыштары
9022 290 000

1.5

Автономды өрт хабарлағыштары
8531 100 000

1.6

Газды өрт хабарлағыштары
8531 100 000

1.7

Жалынды өрт хабарлағыштары
8531 100 000

1.8

Қол өрт хабарлағыштары
8531 100 000

1.9

Өрт сигнализациясының мекенжайлық жүйелері
8531 100 000

1.10

Өрт қабылдау-бақылау және басқару аспаптары
8531 100 000

1.11

Құлақтандырудың және эвакуациялауды басқарудың өрт техникалық құралдары
8531 100 000
2. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларының элементтері:

2.1

Газды өрт сөндіру автоматты қондырғыларының модульдері және батареялары
8424 900 000

2.2

Төмен қысымды газды өрт сөндіру автоматты қондырғыларының резервуарлары
8424 900 000

2.3

Газды өрт сөндіру автоматты қондырғыларының таратушы құрылғылары
8424 900 000

2.4

Ұнтақты өрт сөндіру автоматты қондырғыларының модульдері
8424 900 000

2.5

Жұқалап су шашатын өрт сөндіру қондырғыларының модульдері
8424 900 000

2.6

Сумен және көбікпен өрт сөндіру автоматты қондырғыларын басқару тораптары
8481 800 000

2.7

Сумен және көбікпен өрт сөндіру автоматты қондырғыларының көбік шайғыштары мен мөлшерлегіштері (сумен қоректендіргіштің сулы желілеріне орнатылған қондырғылардан басқа)
8481 000 000

2.8

Көбікпен өрт сөндіруге арналған автоматты қондырғылардың мөлшерлегіштері
8481 000 000

2.9

Сумен және көбікпен өрт сөндіруге арналған өрт автоматты қондырғыларының сұйықтығы қысымының және ағынының сигнализаторлары
8481 401 000

2.10

Сулы суландырғыштар спринклерлік
және дренчерлік
8424 898 009, 8424 900 000

2.11

Көбікті суландырғыштар спринклерлік
және дренчерлік
8424 898 009, 8424 900 000

2.12

Басқару тораптарының клапандары, бекіту құрылғылары
8481 309 100, 8481 309 900, 8481 401 000, 8481 806 100, 8481 807 100, 8481 808 100

2.13

Дыбыстық гидравликалық өрт құлақтандырғыштары
8479 899 500

  "Ғимараттарды, үй-жайлар мен
құрылыстарды автоматты өрт
сөндіру және автоматты өрт
сигнализациясы, өрт кезінде
адамдарды құлақтандыру
және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерімен жабдықтау
жөніндегі талаптар"
Техникалық регламентке
2-қосымша
  Нысан

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау АКТІСІ

      __________ қаласы                                     20__ж. "___" _____________________
      ________________________________________________________________________________
      (тапсырыс беруші – ұйымның атауы)
      20__ ж. "___"____________________ № _____ шешімімен мынадай құрамда:
      Төраға – тапсырыс берушінің (бас мердігердің) өкілі ___________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
      Комиссия мүшелері - өкілдер:
      монтаждау ұйымдары _____________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
      іске қосу баптау ұйымдары _________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
      тағайындалған комиссия орындалған жұмыстарды тексерді және анықтады:
      1. Монтаждау-баптау (іске қосу баптау) ұйымы __________________________________
      әзірлеген (құрастырған) жоба бойынша                        (ұйымның атауы)
      _______________________________________________________монтаждалған қондырғыны
      (объектінің атауы)
      ________________________________________________________________________________
      (қондырғының атауы)
      қабылдауға ұсынды.
      2. ________________________________________ монтаждау жұмыстарын
      (ұйымның атауы)
      20__ ж. "___"_____________ бастап 20__ ж. "___"________________ аралығында орындады.
      3. ___________________________________ іске қосу баптау жұмыстарын
      (іске қосу баптау ұйымының атауы)
      20__ ж. "___"______________ бастап 20__ ж. "___"_______________ аралығында орындады.
      4. Кешенді байқау процесінде анықталған ақаулар мен кемшіліктер жойылды (қажет болған кезде осы актіге қосымшада көрсету керек).

Комиссияның қорытындысы:

      Іске қосу баптау жұмыстарын қоса алғанда, кешенді байқаудан өткен қондырғы,
      орындалған жұмыстардың сапасын _________________________________________________
      (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық)
      деп бағалай отырып, 20__ ж. "___"____________________ бастап пайдалануға қабылданды
      деп есептелсін. Құжаттама актісіне қоса беріліп отырған тізбе
      ____________________________________________________________________________
      Комиссия:
      Комиссия төрағасы _________________________
      (қолы)
      М.О.
      Комиссия мүшелері __________________________
      (қолдары)

  "Ғимараттарды, үй-жайлар мен
құрылыстарды автоматты өрт
сөндіру және автоматты өрт
сигнализациясы, өрт кезінде
адамдарды құлақтандыру
және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерімен жабдықтау
жөніндегі талаптар"
Техникалық регламентке
3-қосымша
  Нысан

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының монтаждалған аспаптары мен жабдықтарының ВЕДОМОСІ

      ________________________________________________________________________________
      (объектінің атауы)
      _________________________________________________________________жобасы бойынша
      

Жоба ұстанымы мен ерекшелігінің нөмірі

Атауы

Типі

Зауыт нөмірі

Ескертпе

      Тапсырды _______________________________________________________________________
      (тапсырыс беруші өкілінің лауазымы,
      _______________________________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) (қолы)
      Қабылдады______________________________________________________________________
      (монтаждау ұйымы өкілінің лауазымы,
      ________________________________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) (қолы)

  "Ғимараттарды, үй-жайлар мен
құрылыстарды автоматты өрт
сөндіру және автоматты өрт
сигнализациясы, өрт кезінде
адамдарды құлақтандыру
және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерімен жабдықтау
жөніндегі талаптар"
Техникалық регламентке
4-қосымша
  Нысан

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану журналы

      1. Өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықталған объектінің
      атауы мен ведомстволық бағыныстылығы (меншік нысаны)
      ________________________________________________________________________________
      (жүйенің түрі, іске қосу тәсілі)
      Мекенжайы, телефоны
      _______________________________________________________________________________
      Жүйені монтаждау күні, монтаждау ұйымының атауы__________________________________
      Өрт автоматикасы жүйесінің типі ___________________________________________________
      Жүйеге қызмет көрсететін ұйымның (қызметтің) атауы
      ________________________________________________________________________________
      Телефоны _______________________________________________________________________
      2. Өрт автоматикасы жүйесінің сипаттамасы
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (техникалық құралдардың атауы, типтері, шығару күні, пайдалануды бастау
      күні, куәландырудың кезекті мерзімі және т.б.)
      3. Өрт автоматикасы жүйесінің қағидаттық немесе монтаждау схемасы.
      4. Гидравликалық және электрлік сынау нәтижелері:

Өткізу күні

Сынау нәтижелері

Қорытынды

Қолы

      5. Кезекшілікті қабылдау-тапсыру және жүйенің техникалық жай-күйі:

Қабылдау-тапсыру күні

Кезекшілік кезеңінде жүйелердің жай-күйі

Қорғалатын объектілердің атауы және сигналдар келіп түскен жүйелердің типі

Кезекшілікті қабылдап-тапсырғандардың тегі, қолы

      6. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының бас тартулары мен ақаулықтарын есепке алу

Р/с


Хабарламаның келіп түскен күні мен уақыты

Бақыланатын үй-жайдың атауы

Ақаулықтың сипаты

Хабарламаны қабылдағанның тегі мен лауазымы

Ақаулықты жою күні мен уақыты

      Ескертпелер: 
      1) Ақаулықтарды уақтылы жоюды талдау күн сайын жүргізіледі.
      2) Журналда бас тартулардың, ақаулықтардың, жалған іске қосулардың санын қорытындылау ай сайын жүргізіледі.
      3) Журналды жедел (кезекші) персонал жүргізеді.
      7. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын алу жөндеулерін есепке алу.

Р/с


Күні

Жүйенің типі

Бақыланатын объект

Жүргізілген жұмыстардың сипаты

Жүргізілген жұмыстардың тізбесі

ТҚК жүргізген адамның лауазымы, тегі және қолы

      8. Өрт автоматикасы жүйесіне қызмет көрсетуші персоналдың білімін тексеру.

Р/с


Тексерілушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, жұмыс өтілі

Тексеру күні

Білімін бағалау

Тексерушінің қолы

Тексерілушінің қолы

      9. Өрт автоматикасы жүйелерінің іске қосылуын (ажыратылуын) есепке алу.

Р/с


Бақыланатын объектінің атауы

Өрт автоматикасы жүйесінің түрі мен типі

Іске қосылу (ажыратылу) күні

Іске қосылу (ажыратылу) себебі

Өрттің шығыны

Іске қосылу себебі

      10. Өрт автоматикасы жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша техникалық жәнежедел персоналға нұсқаулық беру.

Р/с


Нұсқаулықтан өтушінің тегі

Нұсқаулықтан өтушінің атқаратын лауазымы

Нұстаулық өткізу күні

Нұсқаулықтан өтушінің қолы

Нұсқаулық өткізген адамның қолы

  "Ғимараттарды, үй-жайлар мен
құрылыстарды автоматты өрт
сөндіру және автоматты өрт
сигнализациясы, өрт кезінде
адамдарды құлақтандыру
және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерімен жабдықтау
жөніндегі талаптар"
Техникалық регламентке
5-қосымша
  Нысан

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын куәландыру АКТІСІ

      __________ қаласы                                     20__ж. "___" _____________________
      Объект ___________________________________________________________________
      (атауы)
      Комиссия құрамы:
      Комиссия төрағасы _______________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      Комиссия мүшелері _______________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      ___________________________________________________________ байқап-тексеру жүргізді
      (қондырғының атауы)
      ________________________________________________________________________________
      (қондырғының орналасу орнын көрсету)
      ________________________________________________________________________________
      (элементтердің атауы)
      Жұмыстар 20__ ж. "___"_______________ және "___"_____________ аралығында жүргізілді
      Байқап-тексеру кезінде:
      ______________________________________________________________________анықталды
      (қондырғылардың, элементтердің жай-күйі)

Қомиссияның ұсыныстары:

      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (қолданыстағы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын одан әрі пайдалану
      мүмкін/ мүмкін емес немесе жаңа жүйелер мен қондырғыларды монтаждауды
      орындау қажет; өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жекелеген
      техникалық құралдарына жөндеу жүргізу қажет; келесі куәландыру мерзімін белгілеп,
      өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануды ұзарту қажет)
      Комиссия төрағасы: ______________________________________________________________
      (қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      Комиссия мүшелері:______________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады