"Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 158-1639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 158-611 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 19 сәуірде № 1009 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 158-1639 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 953 болып тiркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 117 (3322), "Вечерняя Астана" газетінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 117 (3340) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;

      7), 16), 25), 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға қатысу;";

      "16) бейімдеу және интеграциялау қызметтерін алу мақсатында оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруын қамтамасыз ету;";

      "25) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;";

      "30) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

      32-2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;

      32-3) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;";

      17-тармақта:

      7), 8), 10), 14), 17), 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау алудан, білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беру;";

      "10) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізу;";

      "14) бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру;";

      "17) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету;";

      "20) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;";

      Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Астана қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.".

      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкiмі Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады