"Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 108-1100 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 17 маусымда № 1036 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.06.2018 № 503-1230 (Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1 және 2-тармақтарына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабының 4-тармағына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 15 мамырдағы № 581 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11389 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 956 тіркелген, 2015 жылғы 24 қазандағы № 119 (3324) "Астана ақшамы" және 2015 жылғы 24 қазандағы № 119 (3342) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына 90 (тоқсан) теңге.".

      2. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады