"Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № А-5/133 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 5324 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Ақмола облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5075 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2015 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыздағы
№ А-5/133 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қазандағы
№ А-10/466 қаулысына
қосымша

Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер


р/б
Өлшемдердің атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады