Степногорск қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 6С-7/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қыркүйекте № 5514 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 6С-55/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 30.06.2020 № 6С-55/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Степногорск қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. "Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/5 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3439 тіркелген, 2012 жылғы 13 қыркүйекте "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған), "Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 5С-21/4 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3838 тіркелген, 2013 жылғы 24 қазанда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ғ.Көпеева
      Қалалық мәслихаттың
      Хатшысы А.Дүйсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев

      29.07.2016 ж.

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 6С-7/4 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласындағы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Степногорск қаласында жиналыстар және митингілер өткізу орындары болып белгіленсін:

      1) Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Мирас" Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның алдындағы алаңы;

      2) Тәуелсіздік даңғылы Демалу аймағының сквері;

      3) "Оқжетпес" балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Ақсу" стадионы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 22.08.2017 № 6С-19/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Степногорск қаласында шерулер және демонстрациялар өткізу бағыттары белгіленсін:

      1) Поколений скверінен бастап Республика даңғылы бойымен Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Мирас" Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның алдындағы алаңына дейін;

      2) Құрылысшылар айналмалы жолынан бастап Тәуелсіздік даңғылы бойымен Демалу аймағы скверіне дейін;

      3) Жастар және Парковая көшелерінің қиылысынан бастап "Оқжетпес" балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Ақсу" стадионына дейін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 22.08.2017 № 6С-19/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу орындарында:

      1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;

      2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ біреуге қатысты зәбір көрсетуге тартатын сөз сөйлеуге жол берілмейді.

      4. Қоғамдық тәртіпті және пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір күнде және бір уақытта, бір нысанда 3-тен аспайтын жекелеген пикеттерді өткізуге рұқсат беріледі. Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

      5. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.

      6. Митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрация өткізуден Степногорск қаласының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оған тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) тез арада барлық дайындық шараларын болдырмауға және барлық ынталы қатысушыларға осы туралы тиісті хабар беруге шара қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады