Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № С 2-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 мамырда № 5362 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № С 32-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 10.12.2018 № С 32-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңымен, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабынының 2 тармағына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақкөл ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Ж.Салыбекова
      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Қ.Едігенов

      27 сәуір 2016 жыл

  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 27 сәуірдегі
№ С 2-3 шешіміне
қосымша

Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi – жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ақкөл ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.

      2. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру келесі арқылы жүзеге асырылады:

      1) (Мемлекеттік корпорация - бұдан әрі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі - портал) веб-порталы.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 тіркелген), Қазақстан Республикасы халықтық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жүргізіледі.

      4. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға өтініш берген айдан бастап тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды жалдаушылар болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсу бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысының шығындары есепке алынады.

      5. Жекешелендiрiлген тұрғын жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға, тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақылардың шығындары қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар (түбіртектер) бойынша алынады.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеу бойынша өкілетті орган болып "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) анықталды.

      7. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлемдер түрінде іске асырылады. Тұрғын үй көмегінің төлемдері ай сайын бюджеттік қаражатты бөлу бойынша уәкілетті органның қаржыландыру шамасына сай жүргізіледі.

      Тұрғын үй көмегі төлемдері екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті органмен жүргізіледі.

      Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес келесі төлемдер жүзеге асырады: тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне өтемақы: жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) күтіп- ұстауға арналған шығыстарға өтемақы; отын (көмір) құнының шығындарына өтемақы өтініш берушілердің шотына аударылады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      8. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын өкілетті орган қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

      9. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді:

      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға;

      тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақы.

      10. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға он сегіз шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы отыз шаршы метр болып белгіленеді.

      11. Қатты отынды пайдаланғаны үшін өтемақы жергілікті жылуы бар үйлер үшін өтемақы нормасы жылу маусымына 5 (бес) тонна, өтініш беру тоқсанында отбасыға (азаматқа) пайдалы ауданына байланысты белгіленеді. Шығын 1 шаршы метріне 83 килограмм мөлшерінде (қазан айы мен сәуір айы аралығындағы жылу беру мерзіміне) ескеріледі. Көмір бағасы өткен тоқсанда жинақталған облыстық статистика мәліметтері бойынша орташа бағамен алынады.

      12. Коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, кәріз, қоқыс) өтеудің өтемақы мөлшерлері нақты тұтынудан шыға, бірақ шекті шамадан артық емес, белгіленеді:

      сумен қамтамасыз ету және кәріз бір адамға бір айда 2,5 шаршы метрден артық емес.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі электр қуатын беру нормасы қолданылады:

      100 (жүз) килловатт бір адамға;

      250 (екі жүз елу) килловатт екі немесе одан көп отбасыға.

      14. Телекоммуникация тораптарына қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады