2016 жылға Аршалы ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № А-28 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 5250 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 19.04.2016 № А-213 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Аршалы ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) көп уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар;
      3) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері;
      4) адам ағзасындағы қорғаныс қабілеті жетіспейтін және қорғаныс қабілетінің төмендеуі салдарының қоздырғышын жұқтырғандар;
      5) әлеуметтік-психологиялық оңалту курсынан өткен, есірткіге тәуелді тұлғалар;
      6) елу жастан жоғары адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары М.М. Маусынбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады