"Сайлау учаскелерін құру туралы" Аршалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 тамызда № 5505 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 09.01.2019 № 01 (ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі,
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 5206 тіркелген, "Вперед", "Аршалы айнасы" газеттерінде 2016 жылғы 02 ақпанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      № 164 сайлау учаскесінің таратылуына байланысты көрсетілген шешімінің қосымшасындағы 31 тармақ алып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Қ.Балташевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі А.Тайжанов

      Келісілді

      Аршалы аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
Л.Асанова

      "28" 07 2016 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады