"Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 5216 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 14.12.2018 № 11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4053 болып тіркелді, 2014 жылғы 18 сәуірде "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 23 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:

      "23. № 234 сайлау учаскесі. Шекарасы: Ақан Құрманов ауылы, Қаракөл ауылы, Қосбармақ ауылы".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А.Никишов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Т.Боранбаев

      "13" қаңтар 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады