"Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № а-1/7 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 5248 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № а-4/115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 21.04.2016 № а-4/115 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Атбасар ауданының Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" атауын "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" өзгерту.
      2. Ұсынылған "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Никишов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "15" қантардағы
№ а-1/7 қаулысымен
бекітілген

 

"Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдік пен ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан
      түседі.
      5. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңды орналасқан жері: индекс 020414,
      Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Ақан Құрманов ауылы, Ленин көшесі, 15.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: ауылдық округ тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін қолайлы өмір жағдайларын құруда мемлекеттік саясат жүргізуге мүмкіндік тудыратын әкімдік пен ауылдық округі әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық іс-әрекетін қамтамасыз ету болып табылады.
      14.Міндеттері:
      1) "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдықпен қамтамасыз ету;
      2) "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
      3) "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      азаматтардың хаттарын, өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
      бюджетке салық және басқа міндетті төлемдерді жинауға көмектеседі;
      бюджеттік бағдарламаларды өңдейді және тиісті мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдікке ұсынады, әкімгері әкім аппараты болып табылады;
      бюджеттік бағдарламаларды өңдеу кезінде әкімгері болып әкім аппараты сөз сөйлейді, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсынысты жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығарады;
      Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, заңдарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президент актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелердің нормативтік құқықтық актілерін азаматтар мен заңды тұлғалардың орындауына көмек береді;
      өз құзыры шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
      ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының құрылысы, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
      шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға көмек көрсетеді;
      өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде нотариалдық іс–әрекеттер жасауды, азаматтық жағдай актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде жұмыссыздарды белгілейді;
      тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырады;
      табысы аз тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
      мүгедектерге көмек көрсетеді;
      қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      дене шынықтыру және спорт жөніндегі өкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт шараларын өткізуді ұйымдастырады;
      мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-бұқаралық және ағарту шараларын ұйымдастырады;
      мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетеді;
      халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
      ауылдық денсаулық сақтау ұйымына кадрмен қамтамасыз етуге көмек көрсетеді;
      "Алтын алқа" алқасымен марапатталған аналарға тұрғын үй бөлуге көмектеседі;
      жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
      қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
      шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
      жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара әрекеттеседі;
      шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
      жергілікті бюджетті бекіту (анықтау) кезінде мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;
      мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, мәдениет мекемелері, республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, ұйымдардың қызметін қамтамасыз етеді;
      өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
      елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
      кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
      жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін мекен жайлары және көпшілік демалыс орындары бойынша инфрақұрылым құрады;
      аудандық атқару органына аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру,сондай-ақ оқушыларды мектепке дейін, мектептен артқа мекен-жайына тегін тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұсыныс енгізу;
      басқаруға берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
      бюджеттен қаржыландырылатын берілген коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің бағыттарын және міндетті жұмыстардың (қызметтердің) көлемін белгілеу;
      берілген коммуналдық мүлікті сақтауын қамтамасыз ету;
      берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
      аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басқаруына берілген жергілікті атқару органының шешімімен бекітілетін жылдық қаржылық есебімен келісімдейді;
      коммуналдық қазынашылық кәсіпорындарына басқаруға берілген тұлғалардың өндірілген және сатылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны белгілейді;
      жергілікті бюджеттен аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне берілген тұлғалардың дербес қаржыландыру жоспарын бекітеді;
      кіріс көздерін қалыптастыру;
      жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыруға әкімдермен жолданған ақшаны қабылдау үшін арналған жергілікті өзін- өзі басқарудың қол ақшаның бақылау шотын бюджетті орындау жөніндегі орталық өкілетті органдарда ашуын қамтамасыз етеді;
      жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген бюджеттің қаржыларды және (немесе) түсімдерді экономдау есебінен жұмысшыларды еңбек шарты бойынша қабылдайды;
      жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті қоғам жиналысымен келісілген түсімдер жоспарын және ақшаны шығындауды бекітеді;
      мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатылымнан, олардың қарауында қалдығынан Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жиынтық түсімдер жоспарын және ақшанды шығандауын құрады және бекітеді;
      тұрғын үй қорына түгендеме жүргізеді;
      аудан әкімімен және жергілікті қоғам жиналысымен келісу бойынша ауылдың ауылдық округтің апатты үйлерін сырып тастауды ұйымдастырады.
      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл тұрғындарын шағын несиелендіруге жәрдем көрсетеді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан құжаттар сұрауға және алуға;
      2) ауданның мемлекеттік органдарымен өткізілетін әкімдік отырыстарына, аудан активтеріне, комиссияларға, жұмыс топтарына, шараларға қатысады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.
      18. Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларымен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалады, өкілеттігін тоқтатады және қызметінен босатылады.
      19. Ауыл әкімінің өкілеттігі:
      1) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша қолданылмаған шаралар үшін дербес жауапкершілікте болады;
      2) "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені әзірлейді, құрылым мен штаттық саны бойынша ұсыныстар енгiзедi және оны бекітуге ұсынады, мемлекеттік қызметшілерге және өзге қызметкерлерге еңбек төлем қорының экономиясы шегінде қосымша төлемдер, материалдық сыйақы (премия) белгілейді;
      3) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      5) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      6) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      7) "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жолдайды;
      8) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізеді;
      9) өз құзыреті шегінде "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражаттарына өкімдік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және басты қор мен айналымдық қаржыдан тұрады.
      21. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады