Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № а-5/147 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 5395 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары А.В.Чириковқа жүктелсін.
      3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Никишов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
"3" мамырдагы 2016 жылғы
№ а-5/147 қаулысына
қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер

№ п/п
Критерийлер атауы
Иеліктен шығару түрі
1
Мемлекеттік меншіктегі объектіге алдағы бақылауда мемлекет мүдделілігі болмаған кезде
Аукцион түрінде жекешелендіру
2
Сату шартын белгілеу жолымен уақыттың белгіленген кезеңіне мемлекет жағынан бақылаудың сақталу қажеттілігі кезінде
Тендер нысанында жекешелендіру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады