Астрахан ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қазанда № 5559 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 шілдедегі № 6С-70-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 16.07.2020 № 6С-70-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Астрахан ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Д.Сағадатов
      Астрахан аудандық мәслихатының
хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      26.08.2016 ж.

  Астрахан аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 6С-8-8 шешіміне
қосымша

Астрахан ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Астрахан ауданының аумағында жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:
      1) Астрахан ауылы, Астрахан ауылының орталық алаңы;
      2) Астрахан ауылы, Астрахан ауылының ипподромы.
      2. Астрахан ауданының аумағында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:
      1) Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесінің басынан бастап Астрахан ауылының орталық алаңына дейін;
      2) Астрахан ауылы, орталық алаңнан және ары қарай Жазин көшесінің бойымен, 9 май көшесіне бұрылып Астрахан ауылының ипподромына дейін.
      3. Іс-шара уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.
      4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
      1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне көрінбей тұруы қажет;
      2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат етіледі.
      5. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізетін объектінің алдында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Астрахан ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады