Астрахан ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 28 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 22 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5645 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 27.12.2018 № 8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабына сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Астрахан ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы № 28 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5127 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабына сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы білім басқармасының
"№ 6 Агротехникалық колледжі Астрахан
селосы" мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің директоры
В.Быстрицкая

      5.12.2016 ж.

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасының жанындағы
"Астрахан орталық аудандық
ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері
Е.Құрманов

      5.12.2016 ж.

      Астрахан аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Қ.Қалдыбаев

      5.12.2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады