Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 тамыздағы № 5/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 қыркүйекте № 5508 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 39/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 39/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттіқ басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Джейранов
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов

      2016 жыл 09 тамыз

  Сандықтау аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 09 тамыздағы
№ 5/3 шешіміне
қосымша

Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Сандықтау ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 06.11.2018 № 22/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары, келесілерді қоспағанда есепке алынады;

      отбасының (азаматтың) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үй (пәтер, үйжай) немесе жалға берген (қосымша жалға берген) тұрғын үйлері болса;

      отбасының еңбекке жарамды жастағы мүшелері жұмыс істемесе, күндізгі оқу бөлімінде оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмесе (3 жасқа дейінгі бала күтімімен айналысатын және медико-әлеуметтік сараптама комиссиясының қортындысына сәйкес біреудің күтіміне мұқтаж тұлғалардың күтімімен айналысатын азаматтардан басқа).

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган болып "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды (әрі қарай - уәкілетті орган).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 06.11.2018 № 22/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы өтініш білдірушілердің дербес шоттырына аудару жолымен жүзеге асырады.

      6. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда уәкілетті орган тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға жүгінеді.

      7. Уәкілетті органға заңсыз немесе аса көтерілген тұрғын үй көмегін тағайындалуына апарып соқтыратын көрінеу күмәнді мәлімет ұсынған кезде, меншік иесі (жалға алушы) заңсыз алынған соманы өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібі арқылы қайтарады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      8. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 6 ақпанда № 7412 тіркелген) негізінде тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.

      9. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалданушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, тұрғынжайлардың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайларды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын алғанда отбасының жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі орташа айлық жиынтық кірісіне 15 (он бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      10. Тұрғын үй көмегi ақы төлеу сомасы мен осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      11. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Тұрғынжайларды ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауы тиіс.

      12. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 100 (жүз) киловаттан аспайтындай белгіленеді.

      13. Суды шығындау нормасы отбасының әр мүшесіне айына 1,5 куб метрден белгіленсін.

      14. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтер көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі негізінде жүргізіледі.

      15. Тұрғын үй көмегі Сандықтау ауданында тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығынындарын өтеуге ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес төлем түбіртегі бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      16. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.

      17. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 тіркелген) 1 қосымшасымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешімді келесі жағдайларда шығарады:

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалданушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне, жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеу мақсаттарына белгіленген отбасының шығыстары шекті жол берілетін деңгейінен 15 (он бес) пайыздан аспайтын болса.

3. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үй-жайларда тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған етілген отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу бойынша тұрғын үй көмегін ұсынудың тәртібі мен мөлшері

      19. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу бойынша тұрғын үй иесіне, жалға алушыларға беріледі (тұрғын үйді жалға алғандығы туралы шарты болса).

      20. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды есептеу үшін, әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес отын шығыны бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады, бірақ жылына бір отбасына бес тоннадан аспауы керек. Жылу беру мерзімі 1 қазаннан бастап 1 мамырға дейін саналсын. Қатты отын құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдынғы тоқсанның соңғы айындағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) жағдай бойынша статистикалық деректерге сәйкес өткен тоқсандағы құрылған Сандықтау ауданы бойынша орташа бағасы пайдаланылады. Отбасының (азаматттардың) орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.

      21. Электрмен, сумен, газбен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар өтініш берілген тоқсанның алдыңдағы нақты тұтынылған тоқсанға қарай төлегені жөніндегі қоса ұсынылатын түбіртектерге сәйкес орта мөлшерде белгілен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады