Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17/2-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 мамырда № 5387 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 429/64-6 шешімімен

      Ескерту.. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 10.07.2020 № 429/64-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
      2. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2013 жылғы 21 ақпандағы № 89/12-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3682 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 наурызда "Призыв", "Ұран" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А.Веревкин
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев

      25.04.2016

  Целиноград аудандық мәслихатының
2016 жылғы 25 сәуірдегі
№ 17/2-6 шешіміне
қосымша

Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:

      1) Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң;

      2) Ақмол ауылы, "Бахыт" ықшам ауданы, стадионға қарсы алаң.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.10.2019 № 356/51-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      1) Ақмол ауылы, "Қақ айырылған жұлдыз" стеласынан Гагарин көшесінің соңына дейін;

      2) Ақмол ауылы, "Алжир" мемориалды-мұражай кешенінен "Қақ айырылған жұлдыз" стеласына дейін.
      3. Іс-шара уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.
      4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
      1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрінбей тұруы қажет;
      2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде 3-тен аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат етіледі.
      5. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.
      6. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Целиноград ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады