Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № а-9/376 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қазанда № 5563 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың келесі бірыңғай тарифі белгіленсін:

      ересектерге – 110 (жүз он) теңге көлемінде.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 30.09.2021 № а-9/398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы № а-1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген, аудандық "Луч" және "Бурабай" газеттерінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Н.Құдайбергеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
Ө.Бейсенов

      2016 жылғы "21" 09

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады