Байланыс формасы

"Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 431 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қарашада № 5139 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11052 тіркелген 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрықтарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4340 тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бекітілген акт немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады;
      порталға - көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы (бұдан әрі - шешім) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген "Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады;
      порталға - көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады;
      порталға - көрсетілетін қызметті алушының порталда электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген "Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады;
      порталға - көрсетілетін қызметті алушының порталда электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсаты (бұдан әрі - рұқсат) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11052 тіркелген, бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.";
      2. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады