"Көшелерге атау беру туралы" 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 15 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 22 шілдеде № 5007 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылжұлдыз селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-51 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қыркүйектегі "Жаңалық жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі ",Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы" мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжұлдыз ауылдық
      округінің әкімі Е. Қаржаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады