"Әйке селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 22 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйекте № 5070 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Әйке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әйке ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 14 "Әйке селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-112 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тіліндегі көрсетілген шешімнің деректемелерінде атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "село", сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауыл" сөздерімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі 2 тармағының 3) тармақшасындағы "Алтынсарина" сөзі "И.Алтынсарина" сөздерімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі 2 тармағынның 6) тармақшасыдағы "А.Жангелдина" сөзі "Алиби Жангелдина" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әйке ауылдық
округінің әкімі
Н.Алипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады