"Шибаевка ауылына көше атауын беру туралы" 2008 жылдың 3 қарашадағы № 13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 ақпанда № 4750 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарағаш селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 3 қарашадағы № 13 "Шибаевка ауылына көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-62 болып тіркелген, 2009 жылдың 17 ақпандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтініндегі "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі Ақтөбе облысының Мекенжай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже туралы” N 255 қаулысы" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарағаш ауылдық округінің әкімі Б.О. Кныков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады