"Көшеге атау беру туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 91 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 161 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5181 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ырғыз селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2010 жылғы 7 қазандағы № 91 "Көшеге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-122 тіркелген, 2010 жылғы 14 желтоқсанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" Қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. САРИН

О внесении изменений в решение от 7 октября 2010 года № 91 "Көшеге атау беру туралы"

Решение акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 7 декабря 2016 года № 161. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 28 декабря 2016 года № 5181

      В соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года "О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушений", со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" аким Иргизского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Внести в решение акима Иргизского сельского округа на государственном языке от 7 октября 2010 года № 91 "Көшеге атау беру туралы" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-5-122, опубликованное 14 декабря 2010 года в районной газете "Ырғыз") следующие изменения:
      в преамбуле слова "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" Қаулысына" исключить;
      в реквизитах и по всему тексту указанного решения на государственном языке слова "селолық", "селосының", "селосындағы" заменить словами "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы".
      2. Контроль за выполнением настоящего решения оставляю за собой.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Иргизского сельского округа А. САРИН