"Бородин селолық округінің елді мекен көшелерін атау туралы" 2008 жылғы 20 маусымдағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4788 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округінің әкімінің 14.06.2017 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдесіндегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Шығырлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородин селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 20 маусымдағы № 3 "Бородин селолық округінің елді мекен көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-79 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 маусымда аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және мәтінінде "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығырлы ауылдық округінің әкімі: С.Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады