"Шектеу іс-шараларын алу және 2016 жылғы 3 тамыздағы № 22 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 30 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 5234 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 20 қазандағы № 14-01/300 ұсынысы негізінде Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Саркөл ауылдық округінің "Масло-Пром" қыстағындағы "Баймагамбет" қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Саркөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 тамыздағы № 22 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамыздағы "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Саркөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 27 "Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" шешімі жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Саркөл ауылдық округінің әкімі К.У. Шалманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады