Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімінің 2016 жылғы 03 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 қаңтарда № 4665 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімінің 16.03.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 3 қаңтардағы № 1 хаттамасы негізінде, Хромтау ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Хромтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Хромтау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшылығын өзіме қалдырамын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргіземін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
      Хромтау ауданы әкімі А. Усманғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады