Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 тамыздағы "Орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 381 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 03 наурыздағы № 113 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 08 сәуірде № 3782 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 04 қазандағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 04.10.2018 № 461 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 68 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 тамызында "Орта білім саласындағы жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 381 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 2 қазанда № 3364 тіркелген, 2015 жылы 27 қазанда "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген регламенттерде:
      бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО)", "ХҚО", "Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен", "орталық", "орталыққа" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)", "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорациямен", "Мемлекеттік корпорацияға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады