Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе та-анасының қамқорлығынсыз алған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар атарындағы азаматтарды жұмысқа рналастыру үшін жұмыс рындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 506 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 9 қаңтарда № 4059 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 22.02.2024 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебековичке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Далбағаев

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

Постановление акимата Аксуского района Алматинской области от 22 декабря 2016 года № 506. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 9 января 2017 года № 4059. Утратило силу постановлением акимата Аксуского района области Жетісу от 22 февраля 2024 года № 97

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Аксуского района области Жетісу от 22.02.2024 № 97 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктам 9) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13898), акимат Аксуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в организациях независимо от организационно-правовой формы и формы собственности в размере одного процента от списочной численности работников организаций.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Корганбаева Сабита Бейсебековича.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Далбагаев