Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 505 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 26 қазанда № 3987 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 19.01.2024 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 9) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
      2. Алматы облысы "Жамбыл ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры Долдабаев Бакытжан Кабыловичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саласының мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Далабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады