Кербұлақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 02-17 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 27 сәуірде № 3790 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 56-333 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 05.05.2020 № 56-333 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. "Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А. Диханбаева) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаттың "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Е. Самылтыров
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Б.Рысбеков

  Кербұлақ аудандық маслихатының 2016 жылғы 5 сәуірдегі "Кербұлақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 02-17 шешіміне қосымша

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекомуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына, сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін
      деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      5) мемлекеттік корпорация - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
      6) портал – "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы;
      7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп- ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;
      8) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 17.06.2016 N 05-35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Кербұлақ ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысының он пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Тұрғын үй көмегі:
      1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
      2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
      Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтылған отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 17.06.2016 N 05-35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Өтініштер Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген мерзімдерде қаралады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар он жұмыс күні ішінде уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына және оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес есептеледі..
      11. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      12. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары табиғы монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, олармен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) белгілеген кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
      13. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда келесі нормалар ескеріледі коммуналдық қызметтерді нормалардан төмен тұтыну кезінде нақты шығындар бойынша есептеледі):
      1) тағам дайындау үшін отбасына 1 айға тұтынатын сұйық газ – 10 килограмм (1 кішкене баллон);
      2) электр энергиясын тұтыну: 1 адамға – 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға – 160 киловатт, 4 және одан көп адамға – 180 киловатт;
      3) үйді жылытуға қатты отын жылына – 4 тонна көмір;
      4) сумен қамтамасыз ету нормасын – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда - көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты.
      15. Қатты отынның құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

3. Қаржыландыру және төлеу

      16. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетiмен тиiстi
      қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      17. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

4. Қорытынды

      18. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiмен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады