"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 26 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 ақпанда № 2944 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қаңтардағы № 309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 29.12.2017 № 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.

      2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы Заңына қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2152 болып тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырында "Ақ жол" газетінде жарияланған).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
016 жылғы "27" қаңтардағы
№ 26 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысының мәдениет, архивтер және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері.

      Пошталық индексі: 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

      13. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет, архивтер және құжаттамалар саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер көрсету.

      15. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;

      2) облыстың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды ұйымдастыру, мемлекеттік есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету, жинақтау және пайдалану;

      3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тарту жолымен азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

      4) мәдени құндылықтарға еркін қолжетімдікті, сондай-ақ архив құжаттамасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды отандық ақпараттық кеңістікті дамытуда пайдалану;

      5) мемлекеттік мәдениет және архив ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

      6) талантты тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

      7) мәдени құндылықтарды заңсыз беруге және әкелуге, мәдени құндылыққа меншік құқығын заңсыз беруге қарсы тұру, оларды кез-келген заңсыз иеліктен қайтару үшін шаралар қабылдау;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау мен дамыту құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, мәдениет ұйымдарын құру, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысу;

      9) мәдениет саласының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға жәрдемдесу.

      16. Функциялары:

      1) мәдениет, архив ісі мен құжат жасау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және Жамбыл облысының аумағын дамыту бағдарламасына мәдениет, архив ісі және құжат жасау мәселелері бойынша ұсыныстарын енгізеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) театр, цирк, музыка, кино өнері, мәдени-сауық қызметі, кітапхана, музей және архив ісі саласындағы облыстың мемлекеттік мәдениет және архив ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстарды енгізеді, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      3) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана, музей, архив ісін және құжаттаманы дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет және архив ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      4) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

      5) уәкілетті органның келісімімен шығармашылық қызметтің әртүрлі саласындағы республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

      6) облыс деңгейінде мәдени-бұқаралық ойын-сауық іс-шараларын өткізуді жүзеге асырады;

      7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептер береді;

      8) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      9) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерді дамытуға жәрдемдеседі;

      10) мәдени құндылықтарды уақытша шығару құқығына куәлік береді;

      11) талантты жастар мен болашағы зор шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      12) мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;

      13) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәнгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      14) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      15) тарих пен мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін ресімдейді және оларды меншік иелері мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

      16) Қазақстан Республикасының тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш жасайды;

      17) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуына және күтіп-ұстау тәртібіне, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      18) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;

      19) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді және мемлекеттік бақылауды іске асырады;

      20) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық сипаттағы ескерткіштерді қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, оларды сақтайды және пайдаланады;

      21) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы ұйымдастырады;

      22) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыруды ұйымдастырады;

      23) облыс аумағында орналасқан Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын мекемелерде іс жүргізу жағдайына, құжаттардың сақталуына бақылауды және ұйымдық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      24) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;

      25) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекітеді;

      26) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланады;

      27) облыстың тарихы жөніндегі архивтік құжаттарды жинауды және қайтаруды жүзеге асырады;

      28) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың даму және қаржыландыру жоспарларын қарастырады, келіседі, бекітеді, олардың орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады, олардың орындалуы бойынша есептерді қабылдайды;

      29) коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың мүлкін алып қоюға немесе оны қайта бөлуге келісім береді;

      30) кадрмен қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды, облыс мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі және азаматтық қызметшілердің аттестациясын өткізуге қатысады;

      31) "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық тұрғысынан қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына негізгі даму бағыттары, облыстың әлеуметтік-мәдени дамуының мақсаттары, басымдықтары және стратегиялары бойынша мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды ақысыз негізде сұратуға және алуға;

      3) барлық мәдениет мекемелерімен, ұйымдарымен және кәсіпорындарымен мәдени құндылықтарды, өнегелі және эстетикалық идеалдарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді, фольклорды, қолөнер мен көркемөнер кәсібін, мәдениет пен өнер туындыларын, бірегей имараттарды, заттар мен технологияларды, шығармашылық қызметті сақтау және дамыту мәселелері бойынша өзара әрекет етуге;

      4) "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;

      5) "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және мәдениет саласындағы ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымы бойынша ұсынымдар әзірлеуге;

      6) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы туралы Ережені облыс әкімдігіне, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы штаттық кестесі мен құрылымын облыс әкімінің бекітуіне ұсынады, бекітілген штат саны шегінде өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасайды;

      2) өзінің бұйрығымен облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасарларын, бөлім басшыларын, бас мамандарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларға тәртіптік жаза қолданады, сыйақылар береді, материалдық көмек көрсетеді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;

      3) басқарманың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      4) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      5) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

      6) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

      7) банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

      8) заңнамада белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін, штат кестесін бекітеді;

      9) басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      10) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      11) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың директорларын, орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың бас бухгалтерлерін тағайындауға және босатуға келісім береді;

      12) мекеменің басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.

      13) "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі:

      1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық орыс драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      3) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      4) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Облыстық халық шығармашылығы орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      5) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Облыстық кино орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      6) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      7) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      8) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Мойынқұм аудандық Ж. Қуанышбаев атындағы музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      9) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      10) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қордай аудандық К. Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Тараз қаласының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Байзақ ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жуалы ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қордай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Меркі ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Мойынқұм ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Сарысу ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Т. Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Талас ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Шу ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады