"Сайлаулар кезінде барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 13 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 2925 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 4742 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 07.12.2023 № 4742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлаулар кезінде барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2546 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 наурыздағы №10 (1245) "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар реттік нөмірлерімен 31, 32, 33 жолдарымен толықтырылсын:

31

№1 колледжі

Тараз қаласы, Төле би көшесі, №196

32

№55 орта мектебі

Шөлдала шағын ауданы, Құмшағал көшесі, №4

33

Тараз химия-технологиялық колледжі

Тараз қаласы, Домалақ ана көшесі, №268

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Жандос Сәрсенбайұлы Өмірзақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Календеров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Тараз қалалық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      Ж.Қ.Пәрімбеков

      25 қаңтар 2016 жыл

  Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы№13 қаулысына 1 қосымша

Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Төле би және Абай даңғылдарының қиылысы

2

Төле би даңғылы және Әйтиев көшесінің қиылысы

3

Абай даңғылы бойындағы Т.Рысқұлов атындағы саябақ

4

Төле би даңғылы (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің технологиялық корпусының жаны)

5

Төле би және Жамбыл даңғылдарының қиылысы

6

Жамбыл атындағы алаң

7

Абай даңғылы және Ташкент көшесінің қиылысы

8

Абай даңғылы және Петров көшесінің қиылысы

9

теміржол бекеті маңындағы алаңша

10

Жамбыл даңғылы, "Нұралы" базарының жаны

11

Ы.Сүлейменов көшесі, "Сельпо" аялдамасы

12

Т.Рысқұлов көшесі "Сауда орталығы" аялдамасы

13

Т.Рысқұлов көшесі "Салтанат" базарының жаны

14

Б.Момышұлы көшесі "Диана" дүкенінің жаны

15

М.Әуезов көшесі, "Динара" жастар орталығы

16

"Солнечный" кенті, "Солнечный" пәтерлер иелерi кооперативiнiң жаны

17

Абай даңғылы және Қазыбек би көшесінің қиылысы

18

Жамбыл даңғылы және Мамбет батыр көшесінің қиылысы

19

Б.Момышұлы көшесі және Тәуке хан көшесінің қиылысы

20

"Жансая" мөлтек ауданы, №18 үйдің жаны

21

Қыпшақбаев көшесі және К.Цеткин көшесінің қиылысы

22

Жамбыл даңғылы және Ленин көшесінің қиылысы ("Тараз" қонақ үйі)

23

Жамбыл даңғылы және К.Әзірбаев көшесінің қиылысы (Тараз мемлекеттік педагогикалық институты корпусының жаны)

24

"Родничок" саяжайы, Родниковая көшесі №14 үйдің жаны

25

"Кирова" базарының жаны

26

"Атакент" базарының жаны

27

"Бәйтерек" мөлтек ауданы, аурухана

28

Саңырақ батыр көшесі, "Жібек-жолы" базарының жаны

29

Рысбек батыр көшесі, №5 емхана

30

Жібек жолы көшесі, "Өнерпаз" сауда орталығының жаны

31

Пірманова көшесі, Сауда орталығының жаны

32

Мамбет батыр көшесі, "Ауыл береке" базарының жаны

33

"Талас" мөлтек ауданы, Халыққа қызмет көрсету орталығы

34

"Мыңбұлақ" мөлтек ауданы, Б.Момышұлы көшесі және Шестокович көшесінің қиылысы, "Қайқармет" базарының жаны

35

Қойгелді көшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы

36

Қойгелді көшесі, Мемлекеттік кірістер басқармасы

37

Қарасай алқабы, "Қораз" дүкенінің жаны

38

Құмашғал шағын ауданы, Байтұрсынов көшесі, №1 үйдің жаны

39

Шөлдала шағын ауданы, Құмшағал көшесі, №4, №55 орта мектебінің жаны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады