Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қазанда № 3186 болып тіркелді. Күші жойылды Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 01.03.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Байзақ ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2016 жылғы 5 қазандағы № 12 хаттамасы негізінде, Қостөбе ауылының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Байзақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостөбе ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің ауылдық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Шүкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады