"Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 тамыздағы №44-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы № 50-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 2976 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 31-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 31-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынын 6-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 44-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2767 тіркелді, 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №108 (5471) аудандық "Шұғыла Радуга" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбындағы "коммуналдық" деген сөз "тұрмыстық қатты" сөздерімен ауыстырылсын

      шешімнің бірінші тармағында "коммуналдық" деген сөз "тұрмыстық қатты" сөздерімен ауыстырылсын;

      қосымшасының тақырыбындағы "коммуналдық" деген сөз "тұрмыстық қатты" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің қосымшасының бірінші тармағында "коммуналдық" деген сөз "тұрмыстық қатты" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің қосымшасының екінші тармағында "коммуналдық" деген сөз "тұрмыстық қатты" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді Жамбыл аудандық мәслихатының аумақтық әлеуметтік–экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жамбыл аудандық мәслихаты Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы: мәслихаты хатшысы:
      Т. Әбдібеков Р. Бегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады