2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 326 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қазанда № 3180 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 6) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден үш пайызға дейінгі мөлшерiнде 2016 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына қосымшаға сәйкес квота белгiленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
       уақытша атқарушы М. Тлепов

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 326 қаулысына қосымша

2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі


Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1.
"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
70
2%
1
2.
"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
116
3%
3
3.
"Нұрдәулет" шаруа қожалығы
50
2%
1
 
Барлығы:
236
 
5

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады