2016 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 405 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда № 3249 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Т. Рысқұлов ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда 2016 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 1-қосымшасына, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің уақытша

      міндетін атқарушы М. Тлепов

  Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "6" желтоқсан
№ 405 қаулысына 1-қосымша

2016 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі


Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері%
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1.
"Шаушен" шаруа қожалығы
127
1
1
2.
"Нұрдәулет" шаруа қожалығы
50
1
1
 
Барлығы:
177
 
2

  Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "6" желтоқсан
№ 405 қаулысына 2-қосымша

2016 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі


Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері%
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1.
"Шаушен" шаруа қожалығы
127
1
1
 
Барлығы:
127
 
1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады