"Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарын белгiлеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 17 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 2935 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарын белгiлеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 257 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 1989 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 тамыздағы № 69 "Сарысу" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Асановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Жайлыбаев

      Сарысу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 17 "Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарын белгiлеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына келісім парағы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Сарысу аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы
      Е. Имашев
      1 ақпан 2016 жыл

  Сарысу ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 17 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары


Елдi мекен атаулары
Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары
1
Жаңатас қаласы
2 шағын ауданда орналасқан қалқа
3 шағын ауданда орналасқан қалқа
6 шағын ауданда орналасқан қалқа
Жібек жолы көшесiнiң бойында орналасқан қалқа
С. Мұқанов және Бейбiтшiлiк көшелерiнiң қиылысындағы қалқа
А. Иманов көшесiнiң бойында орналасқан қалқа
С. Сейфуллин атындағы орта мектебiнiң жанындағы
қалқа
2
Саудакент ауылы
Қ. Асанов көшесiнiң бойында орналасқан қалқа
Б. Сұлтанғазиев көшесiнiң бойында орналасқан қалқа
3
Ақтоғай ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
4
Ұ. Сыздықбайұлы ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
5
Арыстанды ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
6
Түркiстан ауылы
М. Әуезов атындағы орта мектебiнiң жанындағы қалқа
7
Үшбас ауылы
Ауылдық кітапхана жанындағы қалқа
8
Ұйым ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
9
Жаңаталап ауылы
Жаңаталап орта мектебі жанындағы қалқа
10
Игiлiк ауылы
Фельдшерлiк-акушерлiк пунктiнiң жанындағы қалқа
11
Өндiрiс ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
12
Жайылма ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
13
Маятас ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
14
Қызылдихан ауылы
Фельдшерлiк-акушерлiк пунктiнiң жанындағы қалқа
15
Жайлаукөл ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
16
Қамқалы ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
17
Шығанақ ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқанша
18
Шағалалы ауылы
Ауылдық кітапхана жанындағы қалқа
19
Досбол ауылы
Досбол орта мектебі жанындағы қалқа
20
Тоғызкент ауылы
Тоғызкент ауылдық округі әкiмiнiң аппараты ғимаратының жанындағы қалқа
21
Әбiлда ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады