"Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/04 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 10/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 наурызда № 3736 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 72/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 14.11.2017 № 72/04 (ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/04 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3163 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 30 сәуірінде, "Индустриальная Караганда" 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 62-63, "Орталық Қазақстан" 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 72-73 газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      нұсқалған қаулымен бекітілген "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі ережесінің мәтіні бойынша:

      "мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау", "мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу" деген сөздер "мемлекеттік сатып алуға талдау жасау" сөздерімен, "мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мониторингін" деген сөздер "мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың талдауын" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының
әкімі
Н. Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады