Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 4/50 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қыркүйекте № 3961 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2021 № 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" № 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" № 2314 қаулыларына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 55/415 "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-266 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 (11836) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 (874) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы", 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулыларына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:     

      24 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "24. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының жеке ісі түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Алипов
      Қалалық мәслихат хатшысы К. Тейлянов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі Аглиулин А. М.

      2016 жыл 24 тамыз

      "Балқаш қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Томпиева Ж.Қ.

      2016 жыл 24 тамыз

      "Балқаш қаласының экономика және
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Шлыкова З.С.

      2016 жыл 24 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады