Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 216 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 шілдедегі IV сессиясының № 38 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 тамызда № 3940 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 421 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 216 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2593 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 18 (690) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "7. Әлеуметтік көмек бір мезгілде келесі атаулы күндерге және мереке күндеріне көрсетіледі:
      1) 9 мамыр – Жеңіс күні - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;
      2) 6 шілде – Астана күні - 6 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      3) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
      4) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - 70 жас және одан үлкен адамдарға.".
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV сессияның төрағасы Т. Теміров
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

О внесении изменения в решение XXVIII сессии Каражалского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 216 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал"

Решение IV сессии Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 28 июля 2016 года № 38. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 22 августа 2016 года № 3940. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 29 июля 2020 года № 421

      Сноска. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 29.07.2020 № 421 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение XXVIII сессии Каражалского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 216 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2593, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 11 мая 2014 года, в газете "Қазыналы өңір" от 26 апреля 2014 года № 18 (690)), следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал, утвержденных указанным решением:

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Социальная помощь предоставляется единовременно по следующим памятным датам и праздничным дням:

      1) День Победы – 9 мая - участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, другим категориям, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      2) День столицы – 6 июля - детям-инвалидам до 16 лет;

      3) День Конституции Республики Казахстан – 30 августа - инвалидам 1, 2, 3 группы;

      4) День Первого Президента Республики Казахстан – 1 декабря - лицам, 70 лет и старше.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ІV сессии      Т. Темиров

      Секретарь городского маслихата      З. Оспанова