Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі 2 сессиясының № 23 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 3769 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-10-148 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы № 22 (7339) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 17 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
Р. Әбеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады