Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық айлықақыларын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 08/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 сәуірде № 3750 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 23.06.2020 № 17/01 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Енбеқ кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық айлықақыларын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Нұра ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 25/10 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2835 болып тіркелген, аудандық "Нұра" газетінде 2014 жылдың 6 желтоқсанында № 49, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 24 желтоқсанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданы әкімінің
міндеттерін атқарушысы
С. Мұқанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Нұра аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Шайжанов _____________

      2016 жыл 17 наурыз

  Нұра ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 17 наурыз
№ 08/03 қаулысына қосымша

Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық айлықақыларын көтеруге құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

      1. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) ММ және МҚК басшысы;

      2) ММ және МҚК басшының орынбасары;

      3) шағын комплекті мектептің басшысы;

      4) шағын комплекті мектеп басшысының орынбасары;

      5) әдістемелік кабинеттің басшысы;

      6) әдіскер;

      7) ұстаз-педагог;

      8) психолог;

      9) барлық мамандардың ұстаздары;

      10) медициналық бике;

      11) аға жетекші;

      12) мектепке дейінгі мекеменің басшысы;

      13) тәрбиеші;

      14) музыкалық қызметкер;

      15) бас бухгалтер;

      16) бухгалтер;

      17) бас экономист;

      18) экономист;

      19) іс-жүргізуші;

      20) зертханашы;

      21) механик;

      22) инструктор;

      23) оқу бөлімінің хатшысы;

      24) тәрбиешінің көмекшісі;

      25) барлық мамандардың инженері;

      26) заң кеңесшісі;

      27) қойма меңгерушісі;

      28) шаруашылық меңгерушісі;

      29) аудармашы;

      30) кітапхана меңгерушісі;

      31) кітапханашы;

      32) әскери есепке алу жөніндегі маман;

      33) оқу бөлімінің меңгерушісі;

      34) интернат меңгерушісі.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) ММ және МҚК басшысы;

      2) ММ және МҚК басшысының орынбасары;

      3) ММ және МҚК көркем басшысы;

      4) ММ және МҚК сектор басшысы;

      5) кітапханашы;

      6) библиограф;

      7) бас бухгалтер;

      8) бухгалтер;

      9) экономист;

      10) редактор;

      11) дыбыс режиссеры;

      12) хореограф;

      13) музыкалық басшы;

      14) аудармашы;

      15) концертмейстер;

      16) инспектор;

      20) компьютерлік техниканың операторы;

      21) барлық атаулардың техниктері;

      22) хатшы;

      23) суретші-безендіруші;

      24) мәдени ұйымдастырушы;

      25) балетмейстер;

      26) хормейстер;

      27) дирижер;

      28) барлық атаулардың әдіскері;

      29) кітапхана меңгерушісі;

      30) программист;

      31) ауылдық маңызы бар бөлімнің басшысы.

      3. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) ММ басшысы;

      2) оқу бөлімінің меңгерушісі;

      3) шаруашылық меңгерушісі;

      4) бас бухгалтер;

      5) тренер-ұстаз.

      4. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандырының лауазымдары:

      1) үйде қызмет көрсетілетін бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс бойынша консультант;

      3) барлық атаулардың әлеуметтік қызметкерлері.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады