Осакаров ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 01/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 3660 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бап 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11 қосымшаларына сәйкес Осакаров ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы бекітілсін.
      2. Қоса берілген Осакаров ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Қ. Шайжанов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
1-қосымша

Святогоровка және Коллективное ауылдарында тұратын балаларды Қарағайлы ауылының № 5 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№01/03 қаулысына
2-қосымша

Ералы ауылында тұратын балаларды Озерное ауылының № 13 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы № 01/03
қаулысына
3-қосымша

Қутұмсық ауылында тұратын балаларды Тельманское ауылының № 22 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
4-қосымша

Қарасу ауылында тұратын балаларды Родниковское ауылының №25 орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
5-қосымша

Чапаево ауылында тұратын балаларды Садовое ауылының № 16 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
6-қосымша

Роднички ауылында тұратын балаларды
Молодежный кентінің № 23 орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
7-қосымша

Центральное ауылында тұратын балаларды Пионерское ауылының № 3 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
8-қосымша

Степное ауылында тұратын балаларды Трудовое ауылының № 15 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
9-қосымша

Куркопа ауылында тұратын балаларды Уызбай ауылының № 8 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
10-қосымша

Топан ауылында тұратын балаларды Николаевка ауылының № 10 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысына
11-қосымша

Крещеновка ауылында тұратын балаларды Приишимское ауылының № 7 орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Осакаров ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/03 қаулысымен
бекітілген

Осакаров ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осакаров ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11550 болып тіркелген) № 349 бұйрығына сәйкес құрастырылған.
      2. Балаларды тасымалдау Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
      3. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етiлмейдi:
      1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;
      2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.

2. Балаларды тасымалдау тәртібі

      4. Балалардың топтарын сағат 22.00-ден бастап 06.00-ге дейiнгі мезгілде, сондай-ақ көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.
      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
      5. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
      6. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
      Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
      7. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.
      8. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы тапсырыс берушi мен келiседi.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      9. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын белгiлеуге жол берiледi).
      10. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
      11. Балаларды тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде тасымалдаған жағдайда фаралардың жақын немесе алыс жарығымен қоса тұманға қарсы фаралар пайдаланылуы мүмкiн.
      12. Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушi:
      1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқымайды және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзбайды;
      2) қозғалыс барысында автобусты басқаруда алаңдамайды (сөйлеспейді, тамақ iшпейді, кабинада қатты музыка қоймайды);
      3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүрмейді;
      4) топырақ жолдарға шығып кетпейді және олармен жүрмейді (жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа).
      13. Автобустың қозғалысы барысында ерiп жүрушiлер автобустың әрбiр есiгiнiң жанында орналасуы тиiс. Егер автобуста бiр ерiп жүрушi болса, ол автобустың алдыңғы есiгiнiң жанында орналасуы тиiс.
      14. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
      11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;
      12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
      15. Ерiп жүрушiлер мыналарды қамтамасыз етедi:
      1) барлық оқушылардың қозғалыс, аялдау, тамақтану, түнеу кезiнде жеке гигиена ережелерiн сақтау;
      2) әрбiр топта дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуге қажеттi дәрiгерлiк және тану құралдарының жиынтығымен жабдықталған медициналық дәрi қобдишасы болуын;
      3) балалардың хал-жағдайын әрдайым қадағалауын, қажет болған жағдайда ауырғандар мен жарақаттанғандарға дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуiн.
      16. Бүкiл маршрут бойы балалар автобусқа алғашқы отырғызу кезiнде оларға бөлiнген орындарды алады. Автобустың қозғалыс барысында және аялдамадан (тұрақтан) кейiн ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз орыннан орынға отырғызуға тыйым салынады.
      17. Автобус салонындағы терезелер (желдеткiштер) жабық болуы тиіс. Салонды желдету қажет болған жағдайда және тек ерiп жүрушiнiң рұқсатымен ғана төбедегi желдету люктерi ашылады.
      18. Тасымалданатын балалардың қалыпты жағдайы мен денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты қажеттiлiк болған кезде автобустың жүргiзушiсi ерiп жүрушiнiң нұсқауымен жол жүру барысында жоспарланбаған аялдамалар жасайды.
      Аялдама және тұрақ орындарын таңдағанда жүргiзушi Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуы тиiс.
      Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көру жағдайында аялдама (тұрақтау) жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы жарық құралдарын пайдаланған жөн.
      19. Ерiп жүрушiлер қауiпсiздiк шараларын сақтау қажеттiгi, топтың артында қалып қоюына жол берiлмейтiндiгi және егер бала қалып қойған жағдайда iс-қимыл тәртiбi туралы балаларға ескерте отырып, әрбiр аялдаманың алдында тұрақтау уақытын хабарлайды.
      20. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiктер арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушiлер шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: бiреуi – автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екiншiсi – автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
      Балалар автобусқа оралғаннан кейiн ерiп жүрушiлер балалардың өз орындарында орналасқандығына көз жеткiзедi, содан кейiн ғана жүргiзушiге сапарды жалғастыру мүмкiндiгi туралы хабарлайды.
      21. Маршрут бойынша автобустың қозғалысы мына жағдайларда тоқтатылады:
      1) автобуста Жол жүру ережесiне сәйкес қозғалыс немесе оларды пайдалану тыйым салынған техникалық ақаулар пайда болғанда;
      2) жол-метеорологиялық жағдайлар өзгергенде тасымалдаудың қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн өзге де жағдайларда (көк тайғақ, тұман, жолдардың бұзылуы, жүретiн жолдың маңында авариялар болу);
      3) жол жүргенде бала жарақат алғанда, кенеттен ауырғанда, қан кеткенде, талғанда;
      4) жүргiзушiнiң хал-жағдайы нашарлағанда.
      22. Техникалық ақауға байланысты автобусты мәжбүрлi тоқтатқан кезде жүргiзушi:
      өзге көлiк құралдарына кедергi жасамайтындай етiп автобусты тоқтатуға, авариялық сигнал берудi қосады және елдi мекенде автобустан 15 метрден және елдi мекеннiң сыртында – 30 метрден кем емес қашықтықта автобустың артында авариялық аялдау белгiсiн қояды.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен осы қағиданың талаптарын сақтай отырып, қозғалысты одан әрi жалғастыруға мүмкiндiгi туғанға дейiн балаларды автобустан шығарып, ерiп жүрушiлердiң бақылауында оларды қауiпсiз жерге апаруға тиiс.
      23. Жол-көлiк оқиғасы болған жағдайда жүргiзушi және ерiп жүрушiлер көлiк құралынан балаларды олардың жеке заттарын шығармай жедел эвакуациялау қажет.
      24. Көлiк құралында өрт пайда болған жағдайда ерiп жүрушiлер:
      1) өрт жөнiнде жүргiзушiге белгi беруге;
      2) көлiк құралы тоқтағанға дейiн балаларды өрт көзiнен мүмкiндiгiнше алысырақ апарып және оны салонда бар өрт сөндiргiшпен және қол астындағы заттармен сөндiруге кiрiседі;
      3) тоқтағаннан кейiн шұғыл түрде балаларды және барлық жолаушыларды көлiк құралы жарылған кезде жарақаттарды болғызбайтын қауiпсiз қашықтыққа жеке заттарсыз жедел шығаруға тиiс.
      25. Жол-көлiк оқиғасы және өрт кезiнде балаларды көлiк құралынан эвакуациялағаннан кейiн ерiп жүрушiлер және жүргiзушi міндетті:
      1) зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге және оларды жақын орналасқан дәрiгерлiк мекемеге жеткiзуге;
      2) жол-көлiк оқиғасы болған жерге немесе өрт орнына ішкі істер органдары қызметінің және қажет болса "жедел көмек" қызметкерлерiн, құтқарушыларды, өртке қарсы қызметтiң мамандарын шақыру шараларын қабылдауға;
      3) зардап шекпеген балаларды олардың қауiпсiздiгiне қауiп төнбейтiн орынға жинап, оларды тыныштандыруға, қажет болған жағдайда денсаулығы әлсiреген, жүрек-тамыр және асқынуы стреске әкеп соғуы мүмкiн өзге де аурулары бар балалардың дәрiгер белгiленген дәрiлердi қабылдауын қамтамасыз етуге;
      4) өрттi сөндiрудi аяқтағаннан кейiн, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасы орнында қауiп болмаған кезде ішкі істер органдары қызметінің қызметкерлерiнiң келiсiмi бойынша топ жетекшiлерiнiң және ересек ерiп жүрушiлердiң күшiмен мүмкiндiгiнше балаларды тартпай жеке заттарды жинап, оларды балаларға беруге;
      5) балаларды онан әрi тасымалдау мүмкiндiктерiн және маршрутын анықтауға;
      6) қажет болғанда орынға келiп жеткен ішкі істер органдары қызметінің қызметкерлерiне балаларды тасымалдауды ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтiнiш жасауға;
      7) телефон арқылы оқиға және балалардың хал-жағдайы туралы тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiгiне хабарлауға, оның көмегiмен медициналық мекемелерге жiберiлген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және хал-жағдайы туралы, сондай-ақ зардап шекпеген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және топтың онан әрi жүру маршруты туралы жедел хабарлауын қамтамасыз етуге тиiс.
      26. Балалардың тасымалдауын орындаған кезде автобустың жүргiзушiсi маршруттың соңғы пунктiне келген бойдан ол туралы тасымалдаушыға хабарлауға тиiс.

3. Қорытынды ережелер

      27. Ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Осакаровского района

Постановление акимата Осакаровского района Карагандинской области от 8 января 2016 года № 01/03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 февраля 2016 года № 3660

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить схему перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Осакаровского района согласно приложениям 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 и 11 к настоящему постановлению.
      2. Утвердить прилагаемый порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Осакаровского района.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Ламбекова Нурлана Рымбаевича.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
аким района
К. Шайжанов

  Приложение 1
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селах Святогоровка и Коллективное,
в среднюю школу № 5 села Карагайлы


  Приложение 2
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Ералы,
в среднюю школу № 13 села Озерное


  Приложение 3
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Кутумсук,
в среднюю школу № 22 села Тельманское


  Приложение 4
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Карасу,
в среднюю школу № 25 села Родниковского


      Приложение 5
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Чапаево,
в среднюю школу № 16 села Садового


      Приложение 6
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Роднички,
в среднюю школу № 23 поселка Молодежный


      Приложение 7
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Центральное,
в среднюю школу № 3 села Пионерского


      Приложение 8
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Степное,
в среднюю школу № 15 села Трудового


      Приложение 9
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Куркопа,
в среднюю школу № 8 села Уызбай


      Приложение 10
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Топан,
в среднюю школу № 10 села Николаевка


      Приложение 11
к постановлению акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Схема перевозки детей, проживающих в селе Крещеновка,
в среднюю школу № 7 села Приишмского


  Утвержден
постановлением акимата
Осакаровского района
от 8 января 2016 года № 01/03

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей,
проживающих в отдаленных населенных пунктах
Осакаровского района

1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Осакаровского района разработан в соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", а также в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11550).
      2 Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями установленными, законодательством Республики Казахстан и с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.
      3 К поездке на автобусах не допускаются дети и взрослые сопровождающие:
      1) в возбужденном состоянии, которое приводит к нарушению мер безопасности;
      2) находящиеся под воздействием алкоголя, наркотических, психотропных и токсических веществ.

2. Порядок перевозок детей

      4. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь и другое) не допускается.
      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.
      5. Перевозка детей автобусом в светлое время суток осуществляется с включенным ближним светом фар.
      6. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.
      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.
      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      7. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      8. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.
      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.
      9. На каждый автобус, осуществляющий перевозку детей, заказчик назначает ответственных лиц из числа сотрудников организации – заказчика или родителей, которые сопровождают детей до места их назначения (при осуществлении регулярных перевозок детей в школу, иные учебные заведения допускается назначать ответственными учащихся старших классов, прошедших специальный инструктаж для сопровождающих).
      10. Инструктаж проводит лицо, ответственное за обеспечение безопасности дорожного движения или эксплуатацию транспортных средств, принадлежащих перевозчику в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      11. В случае осуществления перевозок детей в темное время суток наряду с ближним или дальним светом фар используются противотуманные фары.
      12. При выполнении перевозки детей водитель:
      1) не отклоняется от установленного маршрута движения автобуса и не превышает установленные скоростные режимы;
      2) во время движения не отвлекается от управления автобусом (разговаривать, принимать пищу, включать в кабине громкую музыку);
      3) не провозит в автобусе запрещенные к провозу предметы, вещества и материалы;
      4) не осуществляет съезд на грунтовые дороги и движение по ним (за исключением случаев перевозки детей во время проведения работ по ремонту и реконструкции дорог).
      13. Во время движения автобуса сопровождающие должны находиться у каждой двери автобуса. Если в автобусе находится один сопровождающий, он должен находиться у передней двери автобуса.
      14. Во время поездки сопровождающие не допускают, чтобы дети:
      1) стояли и ходили по салону;
      2) прислонялись к дверям и окнам;
      3) ставили тяжелые и неустойчивые личные вещи на верхние полки;
      4) размещали ручную кладь в проходах и на площадках у входов (выходов);
      5) высовывались в оконные проемы;
      6) выбрасывали из окон мусор и какие-либо иные предметы;
      7) отвлекали водителя от управления транспортным средством, кроме сообщений о ситуации, угрожающей здоровью и жизни пассажиров, направленных на предотвращение несчастного случая;
      8) пользовались аварийным оборудованием в ситуациях, не угрожающих жизни и здоровью пассажиров;
      9) открывали двери;
      10) дрались, толкались, устраивали подвижные игры;
      11) курили, зажигали спички, зажигалки;
      12) распивали спиртные напитки, принимали наркотические, психотропные и токсические вещества.
      15. Сопровождающие обеспечивают:
      1) соблюдение правил личной гигиены всеми учащимися в движении, на остановках, при приемах пищи, ночлегах;
      2) наличие медицинской аптечки в каждой группе, укомплектованной набором лекарственных и перевязочных средств, необходимых для оказания доврачебной помощи;
      3) постоянное наблюдение за состоянием детей, при необходимости оказывают доврачебную помощь заболевшим и травмированным.
      16. На всем протяжении маршрута дети занимают только отведенные им при первичной посадке в автобус места. Пересаживаться с места на место в процессе движения и после остановок (стоянок) автобуса без разрешения сопровождающего запрещается.
      17. Окна (форточки) в салоне автобуса должны быть закрыты. При необходимости проветривания салона и только с разрешения сопровождающего открываются потолочные вентиляционные люки.
      18. При необходимости, связанной с обеспечением нормального состояния и здоровья перевозимых детей, водитель автобуса по указанию сопровождающего делает по пути следования незапланированные остановки.
      При выборе мест остановок и стоянок водитель руководствуется законодательством Республики Казахстан. Места посадки и высадки детей при остановках (стоянках) автобуса, по возможности, не должны быть расположены на участках дорог с интенсивным движением. При невозможности обеспечения указанного требования при посадке и высадке детей из автобуса включается аварийная сигнализация.
      При остановках (стоянках) в темное время суток, а также в условиях недостаточной видимости следует использовать внешние световые приборы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      19. Перед каждой остановкой сопровождающие объявляют время стоянки, напоминают детям о необходимости соблюдения мер безопасности, недопустимости отставания от группы и порядке действий, если ребенок отстал.
      20. Высадка детей из автобуса во время стоянок (остановок) осуществляется через переднюю дверь. Первыми из автобуса выходят сопровождающие. Во время стоянок (остановок) сопровождающие находятся: один – возле передней части автобуса, другой – сзади автобуса, и наблюдают за высадкой детей и за тем, чтобы дети не выбегали на проезжую часть дороги.
      После того как дети вернутся в автобус, сопровождающие проверяют, что все дети находятся на своих местах, и только после этого сообщают водителю о возможности продолжения поездки.
      21. Движение автобуса по маршруту прекращается в случаях:
      1) возникновения в пути технических неисправностей автобуса, движение при которых или эксплуатация которых в соответствии с Правилами дорожного движения запрещается;
      2) изменения дорожно-метеорологических и иных условий, угрожающих безопасности перевозок (гололед, туман, разрушение дорог, аварии вблизи пути следования);
      3) получения ребенком в пути следования травмы, наступления внезапного заболевания, кровотечения, обморока;
      4) ухудшения самочувствия водителя.
      22. При вынужденной остановке автобуса, вызванной технической неисправностью, водитель:
      останавливает автобус так, чтобы не создавать помех для движения других транспортных средств, включает аварийную сигнализацию и выставляет позади автобуса знак аварийной остановки, на расстоянии не менее 15 метров от автобуса в населенном пункте и 30 метров – вне населенного пункта;
      высаживает детей из автобуса, соблюдая при этом все требования настоящих Правил и действующего законодательства Республики Казахстан, отводит их в безопасное место под контролем сопровождающих до появления возможности дальнейшего движения.
      23. В случае дорожно-транспортного происшествия водитель и сопровождающие срочно должны эвакуировать детей из транспортного средства без выноса их личных вещей.
      24. При пожаре в транспортном средстве сопровождающие:
      1) подают сигнал водителю о возгорании;
      2) до остановки транспортного средства переводят детей как можно дальше от очага возгорания и приступают к его тушению огнетушителем, имеющимся в салоне, и подручными средствами;
      3) после остановки срочно эвакуируют детей и всех пассажиров без личных вещей на безопасное расстояние, исключающее травмы при взрыве транспортного средства.
      25. После эвакуации детей из транспортного средства при дорожно-транспортном происшествии и пожаре сопровождающие и водитель должны:
      1) оказать первую медицинскую помощь пострадавшим и доставить их в ближайшее лечебное учреждение;
      2) принять меры к вызову на место дорожно-транспортного происшествия или пожара сотрудников органов внутренних дел и если требуется – "скорой помощи", спасателей, специалистов противопожарной службы;
      3) не пострадавших детей собрать в месте, где их безопасности ничто не угрожает, успокоить их, при необходимости обеспечить прием детьми с ослабленным здоровьем, сердечно-сосудистыми и иными заболеваниями, обострение которых приводит к стрессу, назначенных врачом лекарств;
      4) после окончания тушения пожара, а также при отсутствии опасности на месте дорожно-транспортного происшествия по согласованию с сотрудниками органов внутренних дел силами руководителей групп и взрослых сопровождающих, по возможности без привлечения детей, собрать личные вещи, раздать их детям;
      5) определить возможности и маршрут дальнейшей перевозки детей;
      6) при необходимости обратиться к прибывшим на место сотрудникам органов внутренних дел с просьбой о помощи в организации перевозки детей;
      7) сообщить по телефону о происшествии и состоянии детей администрации заказчика, с ее помощью обеспечить оперативное информирование законных представителей детей, направленных в медицинские учреждения, о месте их нахождения и состоянии, а также законных представителей не пострадавших детей – об их местонахождении и дальнейшем маршруте следования группы.
      26. При выполнении перевозок детей водитель автобуса по прибытии в конечный пункт маршрута сообщает об этом перевозчику.

3. Заключительные положения

      27. Отношения по перевозкам в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района, не урегулированные настоящим порядком, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.