Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қарашада № 4026 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 01.06.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Приозерск қаласының әкімі ШЕШТІ:
       1. Приозерск қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
       2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Қ. Камзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады