Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 наурызда № 5382 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына, "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде заңды тұлғалар жекешелендірілсін.

      Ескерту. 1- тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 23.05.2017 № 792 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 677 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4752 тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдедегі "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 10 ақпандағы
№ 338 қаулысына
қосымша

Жекешелендірілетін акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде заңды тұлғалар тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 23.05.2017 № 792; өзгерістер енгізілді - 30.06.2017 № 825; 29.05.2019 № 1388 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Атауы

Іске асыру мерзімі

Жекешелендіру түрі

1.

Мүліктік кешен ретінде Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

қыркүйек
2016 жыл

тендер

2.

Мүліктік кешен ретінде "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

қараша
2017 жыл

кейіннен сатып
алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру

3.

"Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі

қараша
2020 жыл

тендер

4.

"Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі

қараша
2020 жыл

тендер

5.

"Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығы" микроқаржылық ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі

қараша
2020 жыл

тендер

6.

алынып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 29.05.2019 № 1388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7.

"Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 49% жарғылық капиталға қатысу үлесі

желтоқсан
2017 жыл

тендер нысанында сауда-саттық

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады