2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 353 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 5400 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тапсырыс берушілер үшін "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
      3. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "29" ақпандағы
№ 353 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

№ р/р

Атауы

1.

Тауарлар:

1)

жиһаздарды сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес мыңнан он мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіште болған жағдайда)

2.

Жұмыстар:

1)

облыстық маңызы бар автомобиль жолының көпіріне күрделі жөндеу

3.

Көрсетілетін қызметтер:

1)

инвестициялық форум


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады