Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбелерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 403 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 мамырда № 5505 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Айқындалсын:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы "28" наурыздағы
№ 403 қаулысына 1-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Медициналық мамандығы бар мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын басшысы, басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарларынан басқа).
      2. Мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (меңгерушісі): аурухананың медицина бөлімшесінің, емхананың, дәріхананың.
      3. Мамандар: әлеуметтік қызметкер, барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, медициналық тіркеуші, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, техник-дозиметрист, диеталық мейіргер, нұсқаушы-дезинфектор, обаға қарсы қызметтің зоологы.

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "28" наурыздағы
№ 403 қаулысына 2-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының

тізбесі

      1. Медициналық немесе педагогикалық немесе әлеуметтік мамандығы бар мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын басшысы, басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарларынан басқа).
      2. Мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (меңгерушісі): медицина бөлімшесінің, дәріхананың, үйде қызмет көрсету бөлімшесінің.
      3. Мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, барлық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық мейіргер, диеталық мейіргер, әдіскер, дефектолог, логопед, психолог, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, кітапханашы, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), Мансап орталығының ассистенті.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.01.2024 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады