"Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы №498 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 581 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 қазанда № 5610 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 816 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 22.06.2017 № 816 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 498 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5555 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 19 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "15" қыркүйек
№581 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "23" маусымдағы
№ 498 қаулысына қосымша

Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай)

Аудан (қала) атауы

Барлық субсидия көлемдері,
мың теңге

оның ішінде

күріш

басқа дақылдар

Жаңақорған

319 552,938

134 070,000

185 482,938

Шиелі

279 605,152

178 760,000

100 845,152

Сырдария

398 393,012

311 346,292

87 046,720

Жалағаш

443 426,745

323 555,600

119 871,145

Қармақшы

320 135,906

248 798,168

71 337,738

Қазалы

172 873,272

119 232,920

53 640,352

Арал

1 137,320


1 137,320

Қызылорда қаласы

64 875,655

48 175,820

16 699,835

Барлығы

2 000 000,000

1 363 938,800

636 061,200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады