"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 494 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қазандағы № 598 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 қарашада № 5635 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 cәуірдегі Заңының 26-бабына және "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 34 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 494 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5558 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" қазан
№ 598 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "17" маусымдағы
№ 494 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін арнайы білімі бар ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ветеринария мамандары:
      1) бірінші санаттағы, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
      2) екінші санаттағы, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
      3) санатсыз, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;
      4) бірінші санаттағы, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;
      5) екінші санаттағы, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;
      6) санатсыз, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады