2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 4958 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурызда № 5376 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
      2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер айқындалсын.
      3. "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қаласы
      әкiмiнің міндетін атқарушы А. Шәменов

  Қызылорда қаласы әкiмдігiнiң
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 4958 қаулысына қосымша

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер

№ р/р
Атауы
1
Тауарлар:
1)
қала мектептеріне линолеум сатып алу
2
жұмыстар:
1)
Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесіндегі № 2 тұрғын кварталының сыртқы байланыс (телефон) жүйелерін жүргізу құрылысы
3
Көрсетiлетiн қызметтер:
1)
Арнайы техникалардың қызметін пайдалану

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады